AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Құжат бойынша солтүстік өңірлерге көшірілген...

Құжат бойынша солтүстік өңірлерге көшірілген...

Әлеумет 13.09.2024, 11:06 2,730
Құжат бойынша солтүстік өңірлерге көшірілген...
Сурет ЖИ көмегімен салынды

Солтүстік Қазақстанға көшіру бағдарламасы бойынша 1 миллиардтан астам теңге ұрланған

Солтүстік Қазақстанға қоныс аудару бағдарламасының аясында мемлекеттен бөлінген қаражатты ұрлау деректері анықталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Прокуратураның мәліметінше, бағдарламаға жалған тұлғалар қатысқан, яғни шынайы қоныс аударушылардың орнына ешқашан солтүстікке көшпеген адамдардың аты-жөні тіркелген. Сонымен қатар, құжаттар көбінесе тұруға жарамсыз немесе апатты жағдайдағы ғимараттарға рәсімделген, ал бұл ғимараттар төмен бағамен сатып алынған.

Ең сорақысы, кейбір азаматтар өздерінің құжаттары бойынша ресми түрде солтүстік өңірлерге көшірілгендерін білмеген. Бұл заңсыз әрекеттер Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Абай және Ұлытау өңірлерінде анықталды. Прокуратура осыған байланысты 20-дан астам қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті.

Бұл жағдай қоныс аудару бағдарламасының негізгі мақсатына үлкен соққы болып отыр. Бағдарламаның басты мақсаты – жұмыс күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге халықты ынталандыру арқылы экономикалық және әлеуметтік дамуды қамтамасыз ету еді. Алайда, сыбайлас жемқорлық деректері бұл бастаманың беделін түсіріп, мемлекет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына алып келді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қоныс аудару #Жемқорлық #прокуратура
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);