AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / ҚҰБ тарихи тұлғалар бейнеленген монеталар шығарды

ҚҰБ тарихи тұлғалар бейнеленген монеталар шығарды

Мәдениет 06.12.2023, 11:54 1,689
ҚҰБ тарихи тұлғалар бейнеленген монеталар шығарды
Сурет: ҚҰБ

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.


2023 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Ұлттық банкі "Банкноталардағы портреттер" сериясынан Әл-Фараби, Құрманғазы және Сүйінбай коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ұлттық банк "Банкноттардағы портреттер" сериясындағы коллекциялық монеталар туралы мәлімет берді:


"Жаңа монеталар 1993 жылғы үлгідегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы банкноталарының бірінші сериясының портреттік бейнелеріне арналған. Онда көрнекті тарихи тұлғалар – ғалым Әл-Фараби, айтыскер ақын Сүйінбай Аронұлы, күйші Құрманғазы, ғалым әрі этнограф Шоқан Уәлиханов, ақын әрі философ Абай, сондай-ақ қазақ хандары Әбілқайыр мен Абылай бейнеленген".


2011-2013 жылдары Әл-Фараби, Құрманғазы және Сүйінбай коллекциялық алтын монеталары айналымға шықты.



"Коллекционерлер мен халық тарапынан болған сұранысты ескере отырып, серия күміс және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталармен толықтырылып отыр", деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банкі.


Монеталар:


әрқайсысы 925/1000 сынамды күмістен, салмағы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, proof дайындау сапасымен, номиналы 500 теңгелік, таралымы 2 000 (екі мың) данада жасалды;


әрқайсысы МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, uncirculated дайындау сапасымен, номиналы 200 теңгелік, таралымы 50 000 (елу мың) данада жасалды.


"Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті", делінген ҚР Ұлттық банкінің ақпаратында.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құб #Монета #Тұлға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);