ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қуантсаң – баланы қуант

Қуантсаң – баланы қуант

Әлеумет 01.09.2023, 04:24 922
Қуантсаң – баланы қуант
almaty-akshamy.kz
Алғашқы қоңырау соғылып, балалардың мектепке барар сәті де алыс емес. Жыл сайын бағасы шарықтай түсетін оқу құралдары мен мектеп формасын сатып алуды баршаның қалтасы көтере бермейтіндігі рас. Ал,...

Алғашқы қоңырау соғылып, балалардың мектепке барар сәті де алыс емес. Жыл сайын бағасы шарықтай түсетін оқу құралдары мен мектеп формасын сатып алуды баршаның қалтасы көтере бермейтіндігі рас. Ал, жаңа оқу жылына даярланып жатқан ата-аналар мен балалардың осынау қарбалас сәтінде оларға көмек қолын созып, қолдау білдіру игілікті іс.


Ұлттық ұланда жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы мектеп оқушыларына осы сәттегі қиыншылытарын жеңіуге бағытталған қайырымды шара.  


Осыған орай «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5547 және 5514 әскери бөлімдерде жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізіліп тұратын «Мектепке жол» акциясы «Жүректен жүреке» ұранымен өтті. Іс-шара көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жалғыз басты аналардың балаларына көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.



- Ұжымда көп балалы отбасылардан бөлек, ерекше балалар тәрбиеленетін отбасылар да бар. Әрбір іс-шарада біз әскери қызметшілердің балаларына көңіл бөлуге, мерекелер мен байқаулар ұйымдастыруға, түрлі аниматорларды шақыруға тырысамыз. Бұл ұжымды біріктіреді, әскери қызметшілер бір-бірінің отбасын таниды, ал балалар ата-анасының қызметін жақынырақ біледі, - дейді 5514 әскери бөлімінің бас тәрбиешісі майор Нұрсұлтан Төлеген.  


Әскери қызметшілердің отбасыларына барған ұландықтар алғаш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған және мектеп қабырғасындағы оқушы балаларына бөлім басшылығы мен әйелдер кеңесі атынан сыйлықтар табыс етті.


- Бұл акция көптеген жеткіншекке шапағат нұрын себуде. Бұл бір реттік қана емес, жыл бойы жалғасып отыратын үрдіс. Осы ретте әрдайым әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне, баларына көңіл бөліп отыратын бөлім басшыларына шексіз алғысымды білдіремін, – дейді 5547 әскери бөліміндегі әскери қызметші сержант Асанбек Жамантаевтың жұбайы Зухра Ильясова.



Акция шеңберінде әскери қызметшілердің балалары мектепке қажетті кеңсе керек-жарақтарымен, сөмкелермен және мектеп формаларымен қамтамасыз етілді.


«Қуантсаң – баланы қуант» дегендей осындай игі шараға үлес қосу адами қаситеттердің ең қадірлісі. Балалардың риясыз күлкісі, көңіліндегі тазалық, жүрегіндегі адалдық әрқашан өмірге үміт береді. Жаңа оқу жылы қарсаңындағы игі бастама елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болмақ. 


 


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.