AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚТЖ қызметкері 82 млн теңгені заңсыз иеленген

ҚТЖ қызметкері 82 млн теңгені заңсыз иеленген

Әлеумет 01.03.2023, 13:30 1,059
ҚТЖ қызметкері 82 млн теңгені заңсыз иеленген
Сурет: Ашық дереккөз

Көрсетілген ақшалай қаражатты әйел адам өз қажеттіліктеріне жұмсаған


Алматы көлік прокуратурасы бухгалтерлік материалдарды зерделеу барысында "ҚТЖ-Жүк тасымалы"-"Алматы жүк тасымал бөлімшесі" филиалының лауазымды тұлғасының аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Баспасөз қызметінің мәліметінше, мәселен, "К" лауазымды тұлғасы филиал қызметкерлері болып табылмайтын адамдардың банктік шоттарына 82 млн теңгеден астам соманы аударған.


Көрсетілген ақшалай қаражатты әйел адам өз қажеттіліктеріне жұмсаған.



"Аталған факт бойынша материалдар экономикалық тергеу органдарына процестік шешім қабалдау үшін жолданып, Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған, яғни аса iрi мөлшерде кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бойынша", - делінген хабарламада.



17 ақпандағы Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен "К" лауазымды тұлғасы кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарға орналасуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып шартты түрде 7 жылға сотталды.


Үкім заңды күшіне енді.


Келтірілген материалдық залал толығымен өтелді.        

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қтж #ақша #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);