AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚТЖ жұмысындағы кемшіліктер айтылды

ҚТЖ жұмысындағы кемшіліктер айтылды

Әлеумет 21.06.2023, 11:19 1,054 Almaty-akshamy.kz. 
ҚТЖ жұмысындағы кемшіліктер айтылды
Сурет: ашық дереккөз

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Әділ Жұбанов ҚТЖ компаниясы жұмысындағы кемшіліктерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



«Ұзындығы 277 шақырым «Атырау-Астрахан» тасжолының құрылысы 2019 жылы басталып, жоспар бойынша 2021 жылы бітуі тиіс еді. Алайда бес жыл бұрын басталып, екі жыл бұрын бітуі тиіс жолдың құрылысы өте баяу жүріп жатыр. Жұмыстың жүрмеуінің басты себебі - құрылыс материалдарының уақытылы жеткізілмеуі және тасымалдаушылардың вагондарды жеткілікті деңгейде қамтамасыз етпеуі. Бұл жалпы еліміз бойынша экономикамыздың өсуіне, соның ішінде құырылыс саласының дамуына үлкен кедергі болып отыр», - деді Ә. Жұбанов Бас прокурор Берік Асыловтың атына жолдаған сауалында.



Оның айтуынша, қазіргі кезде ҚТЖ ұлттық компаниясының жалпы қарызы 2,2 трлн теңгеге жеткен.



«Егер бүгінде ұлттық компания кәсіпкерлерге жасанды түрде әкімшілік кедергілер жасап жатса, ҚТЖ қарызын қалай өтемек? Сонымен бірге, кірістің ең табысты бөлігі саналатын жүк тасымалы қызметін ұлттық компания неліктен бәсекелестік ортаға береді? Бұл әрекеттердің барлығы ұлттық компанияның кірісіне әсер етіп, жобаларды, оның ішінде ұлттық жобаларды жүзеге асыруға кедергі келтіріп отырғанын айтқым келеді. Вагондар төңірегінде қалыптасқан жағдай тауар бағасына әсер етіп, инфляция мен елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына зиянын тигізіп жатыр. Негізінде, экономикамыздың күре тамыры саналуы тиіс «Қазақстан темір жолы» компаниясына қарата айтылатын сын өте көп. Себебі, қоғам ішінде компания қызметі көлеңкелі схемаларға толы және ашықтық, есептілік жоқ деген пікір бар», - деді депутат.



Бұл тұрғыда ол Бас прокурордан ұлттық компанияға қатысты толық қаржылық талдау жасауды және алынған қарыздардың мақсатты жұмсалуы бойынша жүйелі тексеру жүргізуді сұрады.



«Сонымен қатар, ҚТЖ-ның қазіргі және бұрынғы басшылығының вагондарды жалға беретін жеке логистикалық компанияларға қатыстылығына тексеру жүргізу керек. Мұнымен қоса, жүк тасымалы қызметін бәсекелес ортадан ұлттық компанияға қайтару маңызды», - деді Әділ Жұбанов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қтж #жұмыс #кемшілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);