AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / QS 2026: Абай университеті – көшбасшы педагогикалы...

QS 2026: Абай университеті – көшбасшы педагогикалық университет

Барлығы 25.09.2025, 19:11 662 Дина
QS 2026: Абай университеті – көшбасшы педагогикалық университет
сурет: Абай атындағы ҚазҰПУ баспасөзінен

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті QS Quacquarelli Symonds жаһандық жоғары білім талдау агенттігі жариялаған «QS World University Rankings – 2026» рейтингінде әлемнің ең үздік университеттерінің қатарынан табылды. Ал Орталық Азия мен Қазақстанның ішінен ең үздік педагогикалық университеттердің көшін бастап тұр.

Бүгін халықаралық «QS World University Rankings – 2026» рейтингіне қатысушы жоғары оқу орындарына сертификаттар мен марапаттарды табыстау рәсімі өтті. Жаңа рейтингте Абай университеті 628-орынды иеленіп, өткен жылмен салыстырғанда бірден 43 позицияға жоғары көтерілді (671–680 аралығы). Осылайша, университет әлемнің үздік 650 жоғары оқу орнының қатарына кіріп, Қазақстанның алдыңғы қатарлы үздік 4 университетінің бірі ретінде өз орнын нығайтты. Сонымен қатар, ҚазҰПУ –Қазақстан мен Орталық Азиядағы педагогикалық білім беру саласының көшбасшысына айналды.

Аталған марапатты Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Болат Тілеп қабылдап, университеттің жаһандық білім кеңістігінде жоғары бағаланатынын жеткізді. Бұл рейтингтің білім беру сапасын әлемдік стандарттар деңгейінде жетілдіруге, жоғары білім беру үдерістерін халықаралық тәжірибемен үйлестіруге және жаһандық трендтерді бақылауға мүмкіндік беретінін ерекше атап өтті.

– Бұл жай ғана жоғары баға емес, бұл – Абай университетінің халықаралық аренадағы және жаһандық академиялық қауымдастықтағы жетекші деңгейде мойындалуы. Университеттің оқыту сапасын, халықаралық әріптестігін, инфрақұрылымы мен инклюзивті жоғары деңгейін дәлелдейтін маңызды жетістік. Сонымен қатар, университеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бүкіл ұжымның жүйелі декүнделікті еңбегінің нәтижесі. Университет ұжымын шын жүректен құттықтай отырып, жаңа жетістіктер тілеймін, – дейді Болат Анапияұлы.

Марапаттау шарасында еліміздің өзге де үздік деп танылған 20 жоғары оқу орнына сертификат пен арнайы белгі берілді. Айта кетейік, «QS World University Ranking» сертификаттарын QS компаниясының бас коммерциялық директоры Джейсон Ньюман мен QS Quacquarelli Symonds халықаралық рейтинг агенттігінің өңірлік директоры Сергей Христолюбов салтанатты түрдебүгін табыс етті.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ

Баспасөз қызметі

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#абай универ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);