AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / ҚР Ұлттық музейінің жәдігерлері Google Arts & Cult...

ҚР Ұлттық музейінің жәдігерлері Google Arts & Culture виртуалды көрмесінде ұсынылды

Мәдениет 15.11.2024, 13:24 761
ҚР Ұлттық музейінің жәдігерлері Google Arts & Culture виртуалды көрмесінде ұсынылды
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі «Жібек жолының ортақ мұрасы» виртуалды көрмесінде өз коллекциясынан 10 экспонат ұсынды. 

Жобаны ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі жүзеге асырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Виртуалды көрме Google Arts & Culture платформасында жарияланған және оны мына сілтеме арқылы тамашалауға болады https://artsandculture.google.com/pocketgallery/nAWxtrFiZ4dQ1Q.

Google Arts & Culture – бұл әлемдегі серіктес мәдени ұйымдардың өнер туындылары мен мәдени артефактілерінің жоғары сападағы суреттері мен бейнелері бар Google басқаратын онлайн платформа.

Қазіргі уақытта сервис ұжымы кемінде 80 елдегі 2 мыңнан астам мәдени мекемелермен ынтымақтастық орнатқан. Қолданушылар платформадан өнер туындыларының көшірмелерін, сәулет ескерткіштері мен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандары туралы мәліметтерді таба алады. Сондай-ақ, сайтта бүкіл әлемдегі мәдени мекемелердің мұрағаттарын көруге мүмкіндік беретін цифрлық көрмелер бар.

«Жібек жолының ортақ мұрасы» виртуалды көрмесі Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркменстанның ұлттық музейлерінен Жібек жолының мәдени мұрасын сипаттайтын 60 көрнекті музей жәдігерінен тұрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Google Arts & Culture #Жібек жолының ортақ мұрасы #виртуалды көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Кеше 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Кеше 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Кеше 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Кеше 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Кеше 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);