ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Нарық / ҚР Ұлттық банкі инфляциялық ахуал бойынша сауална...

ҚР Ұлттық банкі инфляциялық ахуал бойынша сауалнаманың нәтижесін жариялады

Нарық 11.04.2022, 14:20 1,879
ҚР Ұлттық банкі  инфляциялық ахуал бойынша сауалнаманың нәтижесін жариялады
mail.kz
ҚР Ұлттық банкі 2022 жылғы наурыздағы инфляциялық ахуал бойынша сауалнаманың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

ҚР Ұлттық банкі 2022 жылғы наурыздағы инфляциялық ахуал бойынша сауалнаманың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



«Инфляцияның сандық бағалауы 2022 жылғы наурызда алдағы бір жылға 11,4% құрады. Алдағы 12 айда бағаның ағымдағы өсу қарқынының жеделдеуі немесе сақталуы болатынын респонденттердің 63 пайызы айтқан. Алдағы бір жылда бағаның өсуі болады деп пайымдаған респонденттер мұны негізінен айырбас бағамының өзгеруімен, азық-түлік бағасының қымбаттауымен және сыртқы оқиғалармен байланыстырады», - делінген Ұлттық банктің мәліметінде.



Сонымен бірге, респонденттердің 51% өткен айда бағаның өзгеріссіз немесе қалыпты өсуін атап өтті. Өткен айда бағаның өсуін атап өткен респонденттердің көпшілігі азық-түлік өнімдерін таңдады, олардың үлесі 86 пайызды құрады.



«Азық-түлік құрылымында респонденттердің үлесінің өсуі нан-тоқаш және ет өнімдері, өсімдік майы мен жұмыртқадан басқа барлық позициялар бойынша байқалды. Респонденттер үлесінің артуы қант, сүт өнімдері, ірімшік және шұжықтар, алкогольсіз сусындар, шай және кофе сияқты тауарлар бойынша көрінді», - деп аталып өткен ҰБ хабарламасында.



2022 жылғы наурызда жинақтары бар халықтың үлесі 21 пайызды құрады. Респонденттердің көпшілігі жинақтауды қалыптастыру үшін қазіргі кезеңді бейтарап бағалап отыр (жақсы да, жаман да емес) – 39%. Жинақтары бар респонденттерде жалпы алғанда соңғы жылы жинақтың өзгермейтіндігі және төмендегені (тиісінше 35% және 32%) атап өтілді.


Ұлттық банк мәліметіне қарағанда, сауалнамаға қатысқандардың негізгі бөлігі өткен 12 айда жеке материалдық жағдайын өзгеріссіз деп айтса (респонденттердің 53%), респонденттердің 36% теріс баға берді.



Елдің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді дамуына қатысты оптимизм төмендеді. Елдің даму перспективаларын бір жылға және 5 жылға оң бағалайтын респонденттердің үлесі тиісінше 45% және 44% (ақпанда – 52 және 50%) құрайды.



Респонденттердің 28% алдағы бір жылда жеке қаржылық жағдайының жақсаратынын (ақпанда – 39%) алға тартса, ал 27 пайызы нашарлайды деп пайымдайды (13%).

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.