Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / ҚР Туризм және спорт министрі Мысыр Елшісімен ынты...

ҚР Туризм және спорт министрі Мысыр Елшісімен ынтымақтастықты талқылады

Әлеумет 05.02.2025, 17:03 600
ҚР Туризм және спорт министрі Мысыр Елшісімен ынтымақтастықты талқылады
Сурет: Gov.kz
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Мысыр Араб Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ибтиссам Ракха Хассан ханыммен кездесті.

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Мысыр Араб Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ибтиссам Ракха Хассан ханыммен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық жайы талқыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Министр Ербол Мырзабосынов Мысыр мен Қазақстан арасындағы тарихи және мәдени байланыстардың тереңде жатқанын атап өтті.

«Еліміздің аумағында туризмнің барлық дерлік түрлері жылдан жылға дамып келеді. Тарихи және заманауи қалалар, орман, таулар мен көлдерді қамтитын керемет табиғатымыз бар. Сондықтан мысырлық туристерге экотуризм, этнотуризм және туризмнің басқа да түрлерін ұсына аламыз. Өкінішке қарай, Мысырдан Қазақстанға келетін туристер саны айтарлықтай төмен. 2024 жылы бес мыңға жуық турист қана елімізге келген. Жалпы туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту үшін мүмкіндік жеткілікті», — деді министр.

Сондай-ақ ведомство басшысы Мысырдағы туристік компаниялардың өкілдерін 2025 жылғы 23-25 сәуір аралығында Алматы қаласында өтетін халықаралық туристік көрмеге қатысуға шақырды. Сонымен қатар қос тарап 2025 жылғы желтоқсанда туризм саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр.

Спорт саласында да ынтымақтастық артып келеді. 2024 жылы Мысырда Қазақстан спортшылары халықаралық жарыстарға қатысып, екі ел арасындағы спорттық байланыстарды нығайтуға үлес қосқан. Сонымен қатар былтыр Астана қаласында өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Мысыр спортшылары қатысқанын ерекше атап өткен жөн.

Кездесу қорытындысында тараптар бірлескен жобаларды дамытуға және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін мәлімдеді. Министр Ибтиссам Ракха Хассан ханымның Қазақстандағы дипломатиялық қызметіне табыс тілеп, екі ел арасындағы серіктестікті нығайтуға деген талпынысы үшін алғыс білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,465 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,358 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,995 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,192 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.