AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / ҚР Президенті халықаралық шахмат фестиваліне қатыс...

ҚР Президенті халықаралық шахмат фестиваліне қатысушыларға құттықтау жолдады

Спорт 16.08.2022, 13:30 1,280 Almaty-akshamy
ҚР Президенті халықаралық шахмат фестиваліне қатысушыларға құттықтау жолдады
Сурет: Ашық дереккөз

Халықаралық шахмат фестивалі 24 тамызға дейін жалғасады


Атырауда халықаралық шахмат фестивалі басталды. Осыған орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев турнир ұйымдастырушылары мен қатысушыларына құттықтау жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.



«Достар, біздің команда Атырауда 16-24 тамыз аралығында өтіп жатқан «Аtyrau Chess Festival – 2022» фестивалінің ұйымдастырылуына байланысты Мемлекет басшысынан құттықтау хат алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев хатында турнир ұйымдастырушылары мен қатысушыларын құттықтады. Бұл мен үшін шынымен үлкен мәртебе! Біздің шара – Қазақстанның осы өңірінде өткізіліп жатқан бірінші халықаралық шахмат турнирі. Фестиваль ұйымдастырушысы ретінде еліміз Президентіне білдірген сенімі үшін ерекше алғысымды жеткіземін», - деп жазды халықаралық гроссмейстер, Азия және Әлем чемпионы Динара Сәдуақасова Facebook-парақшасында.



Бүгін, 16 тамызда Атырауда фестивальдің ресми ашылуы өтті. Жарысқа 300-ге жуық шахмат әуесқойы қатысып жатыр. Оның ішінде Қазақстанмен қоса, АҚШ, Нидерланд, Литва, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь және Ресей мемлекеттерінің ойыншылары бар.
Әрқайсысының нәтижесі әйгілі швейцариялық жүйемен бағаланатын үш негізгі турнир өтеді. Фестивальдің ресми сайтында тіркелу арқылы ойынды онлайн режимде көруге болады. Шеберлік сабақтар мен бір мезгілде өтетін ойын сеанстары ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, фестиваль аясында төрешілер емтихан тапсырып, FIDE төрешісі атағын ала алатын халықаралық арбитрлердің алғашқы семинары болады.



«Бұл фестивальді Қазақстанда шахматты спорт түрі ретінде танымал ету және дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жас спортшылардың шеберлігін арттыру мен жас таланттарды іздеу мақсатымен өткізіп отырмыз. Фестивальдің жүлде қоры 13 миллион теңгеден асады. Сонымен қатар, Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) бакалавриат пен магистратурада оқуға грант бөледі. Грант иегерлерінің есімі турнирдің жабылу салтанатынында жарияланады», - дейді Динара Сәдуақасова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #құттықтау #шахмат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);