ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / ҚР Президенті БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесіме...

ҚР Президенті БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Әлеумет 28.06.2022, 03:16 1,112
ҚР Президенті БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
сурет: Ақорда
Ақпарат саласында жұмыс істеу – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік

Ақпарат саласында жұмыс істеу – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Құрметті журналистер!
Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Ақпарат саласында жұмыс істеу – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Отандық баспасөз еліміздің тұтастығы мен татулығын нығайту жолында елеулі рөл атқарады. Сөз өнерін қасиет тұтып, абырой биігінен көрініп жүрген кәсіби журналистеріміз аз емес. Олар еселі еңбегімен оқырманның, көрерменнің алғысына бөленуде. Бұл – ел игілігі жолындағы адал әрі қажырлы еңбектеріңізге берілген баға.
Бүгінде әлеуметтік желілерде, интернетте жалған ақпарат көбейіп кеткенін көріп отырмыз. Осындай күрделі жағдайда сіздердің шынайы әрі сыни көзқарастарыңыз түрлі келеңсіздікке тосқауыл болар еді. Қазір қоғамдағы басымдықтар өзгеріп жатыр. Кәсіби журналистер қызметінің маңызы арта түсті.
Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Бұл – барша отандасымыздың алдында тұрған маңызды міндет. Сіздердің мақалаларыңыз бен сюжеттеріңіз, журналистік зерттеулеріңіз осы бастамаға үлес қосары сөзсіз. Сондықтан нағыз кәсіби мамандардың еңбегін лайықты бағалаудың символдық мәні бар.
Міржақып Дулатұлының «Қай жұрттың баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де күшті» деген тұжырымы бүгін де барынша өзекті. Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі мен идеологиялық дербестігін сақтау үшін отандық журналистердің Қазақстанда және әлемде болып жатқан үдерістер туралы өз көзқарасы болуы керек. Біз қоғамға үлгі-өнеге көрсетіп, мемлекет ісін ілгерілетуге атсалысуымыз қажет. Өйткені халықтың сенімін ақтау – азаматтық борышымыз.
Біз татулық пен бірлікті сақтай отырып, Жаңа Қазақстанды құру жолында жаңа белестерді бірге бағындыратынымызға сенемін.
Баршаңызға шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін!

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,274 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.