AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов халықты ревакцинал...

ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов халықты ревакциналау қарқынын арттыруды тапсырды

Медицина 12.01.2022, 06:07 1,655
ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов халықты ревакциналау қарқынын арттыруды тапсырды
Сурет: Рrimeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды


Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлағаны туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrimeminister.kz-ке сілтеме жасап


«Қызыл аймаққа» өткен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Атырау облысында коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың күрт өскені байқалады. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Маңғыстау облыстары «сары аймақта» орналасқан. Бүгінгі таңда 9,4 млн астам адам вакцинаның бірінші компонентін, 8,7 млн-нан астам адам екінші компонентін алды. 670 мыңға жуық адам ревакциналаудан өтті.



«Біздің негізгі міндетіміз – эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы бойынша шараларды күшейту қажет», - деді Ә. Смайылов.



Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне, әкімдіктерге ПТР-тестілеу санын ұлғайтуды, жедел мониторинг жүргізіп, медицина қызметкерлері мен ауруханаларда резервтік орындардың даярлығын қамтамасыз етуді, сондай-ақ дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың жеткілікті болуын қадағалауды тапсырды.  Премьер-Министр үйде медициналық көмек көрсету үшін мобильді бригадалардың жұмысын жандандырып, оларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қажет екенін, сонымен қатар дәріханаларда дәрі-дәрмектің тапшылығына жол бермеу шараларын қабылдау қажеттігін атап өтті. Ә. Смайылов Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге халықты ревакциналау қарқынын едәуір арттыруды тапсырды. Өңірлердің әкімдері бұл мәселені жеке бақылауына алуы тиіс.  Үкімет басшысы еліміздің барлық медицина қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.



«Ел үшін сын сағатта олар зардап шеккендер мен жараланғандарға тәулік бойы көмек көрсетіп жатыр. Дәрігерлер ауруханалар мен "жедел жәрдем" көліктерін басып алған лаңкестердің агрессиясын бастан кешірді. Құрметті медицина қызметкерлері, сіздерге еңбектеріңіз бен батылдық танытқандарыңыз үшін, кез келген жағдайда халыққа көмек көрсетуге әзірліктеріңіз үшін алғыс айтамыз!» - деп түйіндеді Ә. Смайылов. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#халық #ревакцинация #арттыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);