Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / ҚР Конституциялық Соты Салық кодексі нормаларының...

ҚР Конституциялық Соты Салық кодексі нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексеру бойынша істі қарады

Әлеумет 17.02.2023, 13:51 1,117
ҚР Конституциялық Соты Салық кодексі нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексеру бойынша істі қарады
Сурет: Ашық дереккөзі

ҚР Конституциялық Соты Салық кодексі нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексеру бойынша істі қарады


17 ақпанда Конституциялық Сот «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің кейбір ережелерінің конституциялылығын тексеру туралы істі қарауды бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


 Бұл іс азаматтың мемлекеттік баж мөлшеріне қатысты Жоғарғы сотқа шағымдануымен байланысты болды.
2023 жылғы 24 қаңтарда аз. Е. Досмағамбетовтен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 610-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының және 2-тармағының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтініш түсті.


Азамат өзінің арызында дауланып отырған норма Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағын, 14-бабын, сондай-ақ 1948 жылғы 10 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 217 А (III) қарарымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 7-бабын және 1966 ж. 16 желтоқсанда қабылданған және 2005 жылғы 28 қарашадағы №91-III заңмен ратификацияланған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 2-бабын бұзады деп көрсеткен.


Бұған дейін 2018 жылы шығарылған сот шешімімен келіспегендіктен, азамат сот актілеріне Жоғарғы сотқа шағымданған. Алайда арыздануға байланысты белгіленген мемлекеттік баж (өтініш беруші хабарлағандай, шамамен 2 млн. теңге мөлшерінде) оның Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағында көзделген сот қорғауына құқығын шектейді.


2018 жылдан бастап Е.Н.Досмағамбетов Жоғарғы Сотқа өтінішпен үш рет жүгінген, өтініш иесінің арызын мемлекеттік бажды төлемеуіне байланысты қараудан бас тартқан.
Конституциялық Сотта азаматтың мүддесін адвокат қорғады.


Өтініштің мәні бойынша Конституциялық Сот Парламент Сенатының, Бас прокуратураның, қаржы, әділет және Ұлттық экономика министрліктерінің, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдерін тыңдап, сондай-ақ Республикалық нотариаттық палатаның, Республикалық адвокаттар алқасының, Қаржы және салық құқығы ғылыми-зерттеу институтының және Каспий университетінің қорытындыларын зерделеді.


Өтінішті қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Соттың нормативтік қаулысы заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесінде, Конституциялық Соттың интернет-ресурсында, сондай-ақ басқа да дереккөздерде орналастырылатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.