AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ҚР ІІМ Алматы академиясының 10 курсанты Кореяда та...

ҚР ІІМ Алматы академиясының 10 курсанты Кореяда тағылымдамадан өтіп жатыр

Заң мен тəртіп 07.11.2024, 18:45 1,247
ҚР ІІМ Алматы академиясының 10 курсанты Кореяда тағылымдамадан өтіп жатыр
Сурет: Polisia.kz

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының курсанттары қазіргі уақытта Корея елінде әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының бірі Шинхан университетінің базасында білім алып жатыр.

Ведомстволық білім беру тарихында алғаш рет 10 курсант академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді оқытудан өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тағылымдама ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жүзеге асырылады және киберқылмысқа қарсы тұруға бағытталған. 

– Ішкі істер министрлігі халықаралық байланыстарды кеңейту және ІІМ оқу орындарының білім алушыларын сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру үшін серіктес жоғары оқу орындарына жіберу туралы тапсырма берді. Осыған байланысты біз 4-13 қараша аралығында Шинхан университетіне 2-курс курсанттарын іріктеп, оларды қысқа мерзімді оқуға жібердік, – деді Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының міндетін уақытша атқарушы Жанат Дильбарханова. 

Тағылымдама бағдарламасы негізгі және практикалық оқытуды, соның ішінде таэквондо әдістерін оқытуды, сондай-ақ корей тілін мен мәдениетін үйренуді қамтиды. Шетелдік тағылымдама аясында ІІМ Алматы академиясының курсанттары салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, оған Шинхан университетінің Халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Ли Десонг және ТМД елдерімен ынтымақтастық орталығының директоры Им Хэвон қатысты. Сонымен қатар шетелдік оң тәжірибені зерделеу мақсатында Инчхон қаласы полиция департаментінің бөлімшелеріне көшпелі сабақтар ұйымдастырылды, онда олар “112” қызметінің ахуалдық орталығының жұмысымен танысты, көліктегі полиция басқармасына, криминалистикалық және киберлабораторияға барды.

– Отандық және әлемдік тәжірибені зерделеу ішкі істер органдары үшін жоғары білікті кадрларды даярлау үшін қажет. Бұл киберқауіптермен күресу саласындағы ең жақсы тәжірибелерді қабылдауға жақсы мүмкіндік. Біз бұл жобаны дамытуды жалғастыруға ниеттіміз және қазіргі уақытта академияның сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын басқа шетелдік серіктес ЖОО-лармен іске асыру бойынша ұйымдастырушылық мәселелер шешілуде, – деп толықтырды Жанат Дильбарханова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы академиясы #10 курсант #корея #тағылымдама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);