AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліг...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін екіге бөлу ұсынылды

Әлеумет 14.09.2022, 12:41 1,624
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін екіге бөлу ұсынылды
Сурет: Ашық дереккөзі

Бөлек құрылған Еңбек министрлігі сала бойынша жаңа ұлттық саясатты әзірлеуі қажет


Қазақстанда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін екі ведомствоға бөлу идеясы ұсынылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуы және қазақстандықтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін еңбек саласының стратегиялық маңыздылығын, сондай-ақ министрліктің сала мәселелерін шешудегі көпжылдық қабілетсіздігін ескере отырып, мемлекеттік бюджеттен жұмсалатын шығындарды ұлғайтпай аталған ведомствоны Еңбек министрлігі және әлеуметтік даму министрлігі деп бөлген жөн», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Смайылов депутаттық сауал жолдай отырып.



Депутаттың мәлімдеуінше, аталған министрлік еңбек құқықтарын қорғау мен әлеуметтік қорғау саласындағы мәселелерді шешуге келгенде мүлдем енжар.



«Қоғам еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің проблемалық мәселелерді шешудегі белсенді ұстанымын көрмей отыр. Ел азаматтарының мүддесі үшін еңбек саласы мен әлеуметтік саланы тұрақты дамыту идеологиясын әлдеқашан жоғалтқан. Аталған ведомство қит етсе бюджетте және заңнамада қарастырылмаған деп сілтей салады. Психологияда бұл үйренген дәрменсіздік синдромы деп аталады», - дейді ол.



Сондай-ақ, спикер министрлікті мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындамай екіге бөлу керектігін айтып отыр.



«Бөлек құрылған Еңбек министрлігі сала бойынша жаңа ұлттық саясатты әзірлеуі қажет. Жаңа саясат табысы төмен қазақстандықтардың проблемасын, жұмыс берушілер мен жұмысшылардың мүдделерін, еңбек нарығындағы теңсіздікті, әділетсіз зейнетақы жүйесін, жұмыссыздықты, жұмыс істеп тұрған кедейшілік проблемаларын шешуге бағытталуы тиіс», - деді Е. Смайылов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Еңбек министрлігі #үкімет #Сауал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);