ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / ҚР АШМ Ақмола облысындағы сүт-тауарлы фермаларына...

ҚР АШМ Ақмола облысындағы сүт-тауарлы фермаларына баспасөз турын ұйымдастырды

Экономика 08.05.2025, 12:13 581
ҚР АШМ Ақмола облысындағы сүт-тауарлы фермаларына баспасөз турын ұйымдастырды
gov.kz
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру және импортты алмастыру жөніндегі тапсырмасы аясында өңірлерде өнеркәсіптік сүт-тауарлы фермаларын салу жұмыстары...

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру және импортты алмастыру жөніндегі тапсырмасы аясында өңірлерде өнеркәсіптік сүт-тауарлы фермаларын салу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облысындағы сүт-тауарлы фермаларына баспасөз турын ұйымдастырды. Шара барысында БАҚ өкілдері жұмыс істеп тұрған «Родина», «Еңбек» және «Ен-Дала» шаруашылықтарының қызметімен танысты. Жобалар 2023 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында қаржыландырылды.

«Еңбек» шаруашылығы егіншілікпен, тұқым шаруашылығымен, органикалық егіншілікпен, сондай-ақ сүт бағытындағы ірі қара мал өсірумен айналысады. 2024 жылы «Еңбек» ЖШС Қазақстандағы алғашқы органикалық сүт-тауарлы фермасын іске қосты. Кәсіпорын жылына 3 мың тоннаға дейін сүт өндіреді. Жоба құны – 8,2 млрд теңге. Фермаға СҚО тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында Даниядан 269 голштин тұқымды ірі қара мал әкелінді (жалпы 900 бас).

Фермада жасанды интеллектпен жабдықталған төрт доңай робот орнатылған, әрқайсысы күніне 65 басқа дейін саууға арналған.

Журналистерге роботтандырудың артықшылықтары туралы айтылды: адами факторды азайту, қол еңбегін қысқарту, адаммен тікелей байланыстың болмауы – бұл жануарлардың күйзеліске ұшырау деңгейін төмендетіп, сүт сапасын жақсартады және өнімділікті арттырады.

2025 жылы тағы екі қора мен 8 роботты іске қосу жоспарланып отыр. Толық қуатқа шығу сол жылы күтілуде. Болашақта терең өңдеу мен органикалық ірімшік өндірісін іске қосу көзделуде.

Целиноград ауданында орналасқан «Родина» агрофирмасы 2025 жылдың басында Қазақстан мен Орталық Азияда баламасы жоқ роботтандырылған сауу цехын іске қосты. Сауу каруселі 5 сағатта 2 000 басқа дейін малды қамти алады, бір мезетте 80 басты сыйғызады. Жоғары деңгейдегі автоматтандырудың арқасында процесті 12 адамнан тұратын бір ауысым атқара алады.

  • Сауу залы жануарлар мен персоналға жайлылықты қамтамасыз ететін инновациялық технологиялармен жабдықталған. Жоба аясында ферма 1 132 басқа дейін кеңейтіліп, 850 басқа арналған бұзау қора салынды.
  • Агрофирма өкілдерінің айтуынша, инвестициялық жобаны іске асыру жалпы сүт өндірісінің көлемін 34,5 мың тоннадан 40 мың тоннаға дейін ұлғайтуға және еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыруға мүмкіндік береді.
  • 2024 жылы «Ен-Дала» ЖШС өңірдегі ең ірі 2 000 басқа арналған сүт-тауарлы фермасын іске қосты. Жоба құны – 11,5 млрд теңге. Шаруашылықта 1 989 ірі қара мен 900 жылқы бар.

2024 жылы кәсіпорын DeLaval компаниясының заманауи жабдықтарын енгізді: 50 орындық сауу каруселі, TSR роботы, CWC салқындатқышы, «Шырша» (2х5) сауу залы, сондай-ақ жануарларды салқындатылған шатырлы жайларда ұстауға арналған ғимараттар.

Ферма тәулігіне шамамен 30 тонна шикі сүт өндіреді. 2025 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 50 тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Жалпы, 2023 жылы СҚО тәжірибесін тарату бағдарламасы бойынша Қазақстанда 69 сүт-тауарлы фермасының құрылысы қаржыландырылды. Оның ішінде жалпы қуаттылығы 270 мың тоннадан асатын 40 ферма пайдалануға берілді. Тағы 29 ферманы 2025 жылы іске қосу көзделуде, олардың қуаттылығы шамамен 100 мың тоннаны құрайды.

Қазіргі уақытта бағдарлама аясында қосымша 12 СТФ қаржыландырылып, тағы 4-еуін қаржыландыру жоспарланған. 2025 жылдың соңына дейін олардың сегізін іске қосу жоспарланып отыр, олардың өндірістік көлемі – 37 мың тонна.

Сонымен қатар, 2025 жылы осы бағдарлама бойынша тағы 25 жаңа СТФ салу және 7 ферманың өндірістік қуатын кеңейту көзделген. Жалпы 32 ферманың жиынтық қуаты – 160 мың тонна.

Осылайша, жалпы қуаттылығы жылына 600 мың тоннадан асатын 110 өнеркәсіптік сүт-тауарлы фермасын салу және кеңейту еліміздің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етуге және сүт өнімдері бойынша импортқа тәуелділікті айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.