AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / QR арқылы төлемді белсенді қолданушылар арасында А...

QR арқылы төлемді белсенді қолданушылар арасында Алматы көш бастап тұр

Әлеумет 21.02.2022, 07:52 1,282
QR арқылы төлемді белсенді қолданушылар арасында Алматы көш бастап тұр
Cурет: Mgorod.kz

Қазақстандықтар QR арқылы мемлекеттік қызметтер ақысын 700 мыңнан астам рет төледі


Өткен жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Kaspi және Halyq Bank-пен бірлесіп, ХҚО-ларда мемлекеттік бажды QR көмегімен төлеу сервисін енгізді. Бір жыл ішінде қазақстандықтар QR кодты 700 мыңнан астам рет сұратып, 2,8 млрд теңгеден астам сомаға төлем жасаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


QR төлемді белсенді қолданғандардың ішінде Алматы қаласының тұрғындары көш бастап тұр, екінші орында қарағандылықтар, одан кейін тізімде астаналық тұрғындар (тиісінше 72 052, 63 278, 54 354). QR кодтың көмегімен мемлекеттік қызметтердің баж алымын ең аз төлегендер Атырау мен Солтүстік Қазақстан облысындағылар (23 080 және 23 449 рет).



«Сервис енгізілген сәттен бастап, біз оң өзгерістер байқап отырмыз – клиенттер уақытын үнемдеп, оператордың алдында отырып-ақ қызмет ақысын төлеп жүр. Кассалардың жүктемесі төмендеді. Сондай-ақ QR код арқылы төлем жасалғанда комиссия алынбайды. Осының барлығы бізге таяу уақытта ХҚО-дағы кассалардың санын үштен бірге дейін қысқартуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.



Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы 2021 жылғы қыркүйектегі жолдауында мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі проблемаларға назар аударып, бұл процестерді толығымен цифрландыруды тапсырған болатын. QR код арқылы төлем жасау сияқты сервистер азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу ретін жеңілдетуге көмектеседі.


Қазір QR кодтың көмегімен 146 түрлі мемлекеттік қызметтің ақысын төлеуге болады. Болашақта бұл тізім толықтырылатын болады. QR код арқылы мемлекеттік баж алымын төлеу Kaspi және Halyq Homebank мобильді қосымшалары арқылы қолжетімді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#QR #төлем #мемлекеттік қвзмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);