AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектаклі Мәскеуде сахнала...

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектаклі Мәскеуде сахналанды

Мәдениет 15.11.2022, 11:03 2,208
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектаклі Мәскеуде сахналанды
Cурет: Qazaqstan.tv

Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері Ресей театры өнері институтында қазақ дастанын көзі қарақты көрерменнің назарына ұсынды.


Көне туынды жаңғыртылып, жаңарған. Көптің ықыласына бөленген пьеса театр сыншыларын таңдандырмай қоймады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Серік Мақсұтов өнер университетінің төртінші курс студенті. Басты рөлді, яғни Қозыны сомдайды. «Қойылымның жаңа интерпретациясы, декорация мен актерлардың киім үлгісіне ерекше мән берілген»,- дейді. 



«Жаңаша көзқараспен қойдық осы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектаклін. Бұл спектаклде маған Қозының рөлін ойнау қатты қиын деп айта алмаймын, бірақ ішінде екі немесе үш сахна бар өзіме ауыр келетін. Осы сахнаның ішінде мен екі, үш рет жылап алам деп айтсақ та болады», - дейді Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Серік Мақсұтов. 



Көненің көзіндей болған махаббат хикаясы эмоцияға толы. Театр сыншылары студенттердің кәсіби шеберлігін ерекше атап өтті. Дайындыққа алты айдан астам уақыт кеткен.



«Бұл классикалық пьеса болғандықтан, өзінің стилистикасы бар. Ғабит Мүсіреповтың стилистикасы. Соны жоғалтпау үшін, өзіміздің ұлттық тіліміздің мелодикасын білдірту үшін көрерменге қазақ тілінде осы пьесаны ұсынамыз», - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Қымбат Тілеуова.



«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» бірнеше тілге аударылған дастан. XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен лиро-эпостық жыр бүгінде халықаралық деңгейде мойындалған құнды мұра. Ресей театрты институтында қойылған қазақ тіліндегі спектакль көптің көңілінен шықты. Дәл осы нұсқаны жас актерлер Еуропаның талғампаз көрерменінің назарына ұсынсақ дейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қозы Көрпеш #Баян Сұлу #спектакль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);