AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қосымша білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланд...

Қосымша білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Білім және ғылым 12.09.2024, 09:15 1,588 Nursok82
Қосымша білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
gov.kz
"Қазақстан халқына" қоры жоғары оқу орындарының 792 грант иегерінің тізімін жариялады. Бұл гранттар арнайы санатқа жатқызылған абитуриенттерге қосымша бөлініп отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
"11 қыркүйекте "Қазақстан халқына" қоры Басқармасы 2024 жылға арналған білім гранттарына ие болған талапкерлердің тізімін бекітті. Биыл қайырымдылық бағдарламасы аясында 850 грантты бөлу үшін 93 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындары (ЖОО) таңдалды. 2024 жылдың  1-17 тамызы аралығында білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары бағдарламаға қатысуға ниетті үміткерлердің өтініштерін қабылдады", делінген қор сайтында жарияланған хабарламада.

Құжаттардың критерийлерге сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша келесі санаттар бойынша бөлінген 792 өтініш берушінің түпкілікті тізімі қалыптастырылды:

  • 3 өтініш беруші (0,4%) - 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары;
  • 168 өтініш беруші (21,2%) - жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • 149 өтініш беруші (18,7%) - ауылдық елді мекендердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан үміткерлер;
  • 177 өтініш беруші (22,4%) – мүгедектігі бар азаматтар;
  • 295 өтініш беруші (37,3%) - мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасында тәрбиеленіп отырғандар.

"Қазақстан халқына" қорының білім беру гранты тегін, күндізгі бөлімде оқудың барлық кезеңіне бакалавр дәрежесін бере отырып, жылына 1 миллион теңгеге дейін жоғары білім алу құнын өтейді. Сондай-ақ грант иелеріне жазғы демалысты есепке алмағанда жылына 10 айға 40 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы төленеді.

"Қазақстан халқына" қорының білім гранттары иегерлерінің тізімімен мына арадан таныса аласыздар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан халқы қоры #білім #грант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);