ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Қосым туралы кітап жарық көрді

Қосым туралы кітап жарық көрді

Мәдениет 02.02.2024, 09:32 1,569
Қосым туралы кітап жарық көрді
Сурет: Есенжол Исабек
Екібастұз қаласында әйгілі халық геологы, кен білгірі Қосым Пішенбаевтың 180 жылдығына арналған «Қосымның тағдыры» кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Екібастұз қаласында әйгілі халық геологы, кен білгірі Қосым Пішенбаевтың 180 жылдығына арналған «Қосымның тағдыры» кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



Повестік кітаптың авторы – баянауылдық өлкетанушы Александр Черкашин. Кітаптың қолжазбасы 1972 жылы Баянауыл кентінде баспа машинкасына түсірілген.


Бұл кітаптың жазылуына академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев түрткі болған. Қолжазба күйінде ҚазКСР Жазушылар одағының көркемдік кеңесіне жіберіліп, белгілі себептермен кейін қайтарылған. Повесть араға жарты ғасырдан астам уақыт салып оқырманға алғаш рет жол тартып отыр.


Туынды Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ұйытқы болуымен қазақ және орыс тілдерінде жарық көріп отыр. 


Бұқар жырау атындағы музей
Фото: Есенжол Исабек


Кітап Қосым Пішенбаевтың кен барлаушылық өмірінің маңызды кезеңдерін суреттейді. Қосымның балалық шағы, ата-анасының бай ауылынан көрген қорлығы, алғашқы табылған кен орындары мен орыс көпестерінің қазақ жеріндегі өнеркәсіптері туралы, Екібастұз көмірі мен Майқайың алтын кенішіндегі алғашқы өнеркәсіптер, басқа да деректі мағлұматтар кеңінен қамтылған. «Кедейдің қолы қысқа», «Қосымның балалық шағы», «Алғашқы олжа», «Алғашқы махаббат», «Алғашқы ақша», «Алғашқы сауда», «Қарсылас пайда болды», «Тау бөктеріндегі зауыт», «Қосым байдан кек алды», «Қосым өндірістік артель ұйымдастырды», «Күтпеген қонақ», «Екібастұз», «Майқайың», «Өткен күндер мен бүгінгі заманның тоғысы» бөлімдерінен тұрады.


Повесть Торайғыров университетінің және Баянауылдағы «Әнет» шаруа қожалығының демеушілігімен, қазақ және орыс тілдерінде «Парасат» баспаханасында басылып шықты. 


Бұқар жырау атындағы музей
Фото: Есенжол Исабек


Тұсаукесер іс-шарасында Қ.Пішенбаевтың аталас туысы Амантай Есімбаев пен өлкетанушы А.Черкашинның ұрпағы Галина Баёк естеліктер айтты. А.Черкашин «Баянаул», «Дочь Баянаула», «Қосымның тағдыры» кітаптарын жазған, Баянауыл өңірінің арғы-бергі тарихы туралы мол мағлұматтар қалдырған.


Іс-шарада сондай-ақ Жүсіпбек Аймауытовтың 135, Сәбит Дөнентаевтың 130, Қаныш Сәтбаевтің 125, Әлкей Марғұланның 120, Шәкен Аймановтың 110, Рүстембек Омаровтың 105, Мүбәрак Жаманбалиновтың 100, Қимадиден Нығмановтың 100 жылдық мерейтойларына арналған көрме ұйымдастырылды. 


Бұқар жырау атындағы музей
Фото: Бұқар жырау атындағы музей

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.