AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қостанай облысында су тасқыны жағдайы ушығып бара...

Қостанай облысында су тасқыны жағдайы ушығып бара жатыр

Әлеумет 31.03.2024, 10:49 1,082
Қостанай облысында су тасқыны жағдайы ушығып бара жатыр
Сурет: Egemen.kz

Қостанай облысының құтқарушылары өңірде су тасқыны жағдайы ушығып бара жатқанын ескертті.


ТЖД қызметкерлері жергілікті тұрғындарға үндеу жасады. Қардың белсенді еруі мен жауын-шашынға байланысты 14 аудан қауіпті аймаққа енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.





«Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша 31 наурыздан бастап Қостанай облысының аумағында ауа температурасы күндіз +20 градусқа дейін көтерілуі мен аптаның ортасында түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауатынын хабарлайды. Осыған байланысты, облыстың оңтүстік өңірлерінде су тасқыны жағдайының қайтадан қиындау қаупі жоғары», — делінген хабарламада.




Мәселен, Қарасу, Әулиекөл, Наурызым, Қамысты, Сарыкөл, Алтынсарин, Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарын су басуы мүмкін.


Бұған қоса, Ресей Федерациясының аумағынан ірі өзендер арқылы су ағыны артуы мүмкін.


Жітіқара, Денисов, Қостанай, Қарабалық, Федоров аудандары мен Бейімбет Майлин ауданы су ағынының қауіпті аймағында орналасқан.


Айта кетейік, Қостанай облысы су тасқынына байланысты қиын жағдайға тап болды.


Күні кеше Арқалық маңындағы ауылдар су астында қалып, Қостанай іргесіндегі Амангелді ауылын да су басты. 


Жангелді, Амангелді аудандары мен Арқалық қаласы да қиын жағдайда. Онда 28 наурызда төтенше жағдай жарияланды.


Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың шығынын әкімдік өтейтінін айтты.


Кейін Қостанай облысының әкімдігі келтірілген шығынның қалай есептелетінін және төлемнің қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді.


Қазір су басқан аумақтардағы электр қуатын және коммуникацияларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Жангелді ауданы мен Амангелді ауданының жартылай елді мекендерінде әлі жарық жоқ.


Табиғи апатпен күреске аймақ белсенділері де атсалысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қостанай облысы #су тасқыны #қауіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);