ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы орталығы жақын...

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы орталығы жақында ашылады

Саясат 25.02.2023, 06:11 2,306
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы орталығы жақында ашылады
сурет:dw.com
Қытай тарапымен келісім жасалды.

Қытай тарапымен келісім жасалды.


«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы орталығы жақын арада ашылады. Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралған кеңесте Премьер-Министр Әлихан Смайылов дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Үкіметтің ресми телеграм каналына сілтеме жасап.


Премьер-Министр логистиканы дамыту облыстағы перспективалы бағыттардың бірі екенін атап өтті. Ол пандемия басталғаннан бері «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы тоқтап тұрғанын, алайда қазіргі уақытта Қытай тарапымен оны ашу туралы келісімге қол жеткізілгені туралы айтты.



«Қорғас» жақын арада өз жұмысын бастауы тиіс. Енді дайындық жұмыстарын жеделдетіп, орталық қызметіне тартылған барлық құрылымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету керек», - деді Үкімет басшысы.




Сонымен қатар, Әлихан Смайылов жоспарланып отырған инвестициялық жобаларды уақтылы іске қосудың және өңірді қолжетімді бағада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.


Үкімет басшысы уәкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді: елді мекендерде газ тарату желілерін, «Талдықорған - Үшарал» магистральдық газ құбырын салу, Талдықорғандағы «Басқуат» қазандығын жаңарту және Текелі қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау қажет.



Сонымен қатар, 6 ауылда сумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау мен салуға, 15 апаттық жағдайдағы көпірді жөндеуге, Ақсу орталық аудандық ауруханасын жөндеуге және сейсмикалық жағынан күшейтуге қаражат бөлу мәселелерін қарастыруға, сондай-ақ Кербұлақ ауданының ауруханасын жөндеуге және Талдықорғанда 500 адам қабылдауға арналған емхана салуға қаражат қарастыру қажеттігіне назар аударды.


Энергетика министрлігіне Алакөл жағалауындағы туристік нысандарды үздіксіз электрмен жабдықтау үшін желілер құрылысын кезең-кезеңмен қаржыландыру мәселесін қарастыру, Ұлттық экономика министрлігіне инженерлік инфрақұрылым салу және Балқаш көлінің жағалауын абаттандыру жөніндегі бюджеттік бағдарламалардың әкімшісін анықтау тапсырылды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.