Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қорғаныс саласындағы екі кәсіпорын жекешелендіруге...

Қорғаныс саласындағы екі кәсіпорын жекешелендіруге беріле ме?

Әлеумет 14.12.2023, 06:44 1,001
Қорғаныс саласындағы екі кәсіпорын жекешелендіруге беріле ме?
Сурет: Akorda.kz

Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары Азамат Бейісбеков қорғаныс саласындағы екі кәсіпорынды жекешелендіруді жоспарда бар екенін айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 





«Бізде қазір жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың біріне озық технологиялары бар инвестор келіп, қосымша инвестиция салса, заңнамаға соны ескеретін өзгеріс ұсынып отырмыз. Нақты ұсыныстарға келсек, жекешелендіру жоспарында бір кәсіпорын бар. Ол – Алматыдағы Киров машина жасау зауыты. Бірақ қазір оған нақты қызығушылық білдіріп отырған инвестор жоқ», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында. 




Сондай-ақ, Жайық бойындағы зенит зауытының жағдайына тоқталды.




«Жалпы қазіргі таңда Оралдағы зенит зауытын жекешелендіру мәселесі қаралады. Ол жақтағы мәселе жайында бұрын да пікір білдіргенмін. Зауыт Жайықтың бойында тұр. Қазіргі таңда өнімнің бәрі Каспийде қолданылады. Сондықтан Каспидің бойында арнайы зауыт салу қажеттігі туындап отыр. Мысалы, қазір Каспийдің кеме зауытын салатын инвестор келіп, жаңа зауыт соғатын болса, оған жаңа технологиялар қолданылады. Ертең біздің зенит құрастырушы зауыт тапсырыссыз қалмасын деп, ондағы адамдар ертең жұмыссыз қалмасын деп инвестор тарту мәселесін жан-жақты қарастырып жатырмыз», - деді вице-министр. 



Телеграм арнаға жазылыңыз
#қорғаныс #кәсіпорын #әскер #зауыт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.