ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қорғаныс министрлігінде ақпараттық-коммуникациялық...

Қорғаныс министрлігінде ақпараттық-коммуникациялық салада бірыңғай оператор құрылмақ

Әлеумет 11.03.2022, 05:53 1,185
Қорғаныс министрлігінде ақпараттық-коммуникациялық салада бірыңғай оператор құрылмақ
Сурет: Gov.kz
Жаңа цифрлық дәуірде оның геосаяси маңызы зор.

Жаңа цифрлық дәуірде оның геосаяси маңызы зор.


Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың басшылығымен әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторын құру мәселесі жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кеңеске Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және «Ghalam» ЖШС басшылығы, министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.


Қорғаныс ведомствосынан министрдің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Стратегиялық даму, Ақпараттандыру, Байланыс, Мемлекеттік құпияларды қорғау департаменттерінің, Әскери-ғарыштық бағдарламалар орталығының бастықтары және «Қазақстан ГАЖ Орталығы» АҚ басшылығы қатысты.



«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Қорғаныс министрлігіне әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторын құру тапсырылды. Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» заңға түзетулер енгізді», – деді Қорғаныс министрі.



Ел Президенті халыққа Жолдауында ауқымды ақпараттық-телекоммуникациялық әлеуетті іске асыру қажеттігін атап өтті. Жаңа цифрлық дәуірде оның геосаяси маңызы зор. Қазақстан Еуразия кеңістігінің елеулі бөлігінде орталық цифрлық хабқа айналуға тиіс.


Генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов атап өткендей, әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін құру, енгізу, дамыту, интеграциялау және жүйелік-техникалық қызмет көрсету бірыңғай операторды құрудағы мақсат болып табылады. Бірыңғай оператор ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы талаптардың сақталуын, ақпараттық қауіпсіздікті, анықталған кемшіліктерге жедел ден қоюды және оларды уақтылы жою жөнінде шаралар қабылдауды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету кезінде электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін, ақпараттық жүйелерге техникалық қызмет көрсетуді және оларды сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.


Бірыңғай оператор ретінде «Қазақстан ГАЖ Орталығы» акционерлік қоғамын белгілеу ұсынылып отыр. Бұл орталық 15 жылдан астам уақыт бойы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйелерін техникалық тұрғыда қолдауды және сүйемелдеуді жүзеге асырып келеді.


Мұнан өзге, кеңес барысында жоғары жиілікте Жерді қашықтан зондтаумен қамту және пайдалануға беру, түсірілімдерді таратуға шектеулерді алып тастау жөніндегі жобаны іске асырудың техникалық шешімі мен тетігі бойынша мәселелер де талқыланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,440 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,314 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.