Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қорғаныс министрлігі цифрлық офицерлер лауазымына...

Қорғаныс министрлігі цифрлық офицерлер лауазымына іріктеудің бірінші кезеңін қорытындылады

Әлеумет 20.09.2022, 06:01 914
Қорғаныс министрлігі цифрлық офицерлер лауазымына іріктеудің бірінші кезеңін қорытындылады
Сурет: Gov.kz

Нәтижесінде 13 цифрлық офицер іріктеледі. 


Бұл лауазымдарға жарияланған байқаудың бірінші кезеңіне Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың, Қарулы Күштердің және запастағы офицерлердің арасынан 90-ға жуық әскери қызметші қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Байқау шарттары бойынша осы позицияға үміткердің әскери басқару органдарындағы басшы лауазымдарда екі жылдық тәжірибесі немесе бес жыл әскери қызметте өтілі болуға тиіс. Қатысушылар санын ескере отырып, оларға Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде автоматтандырылған жұмыс орындары ұйымдастырылды. Ведомстволық желіге қосылып, қажетті алаңдарды толтырып, үміткерлер онлайн-тестілеуден өтті», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Қорғаныс министрлігінің Ақпараттандыру департаменті әзірлеген байқаудың бірінші кезеңін өткізу алгоритмі тестілеудің төрт түрін тіркеуді және өткізуді қарастырды. Оларға екі сағат берілді.


Бірінші кезең барысында заңнама нормаларын білу деңгейі, офицерлердің зияткерлік әлеуеті мен ақпараттық сауаттылығы тексерілді. Сонымен қоса SHL-тестілеу сұрақтары ауызша, сандық және логикалық мазмұнда болды. Жалпы сынақтағылар 100 сұраққа жауап беруі керек еді.



«Тестілеу нәтижесіне қарай 51 адам іріктеліп алынды. Енді олар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің цифрлық үкіметті қолдау орталығының және озық IT-компаниялардың өкілдерінен тұратын тәуелсіз комиссияның жобасын таныстыруы тиіс», – деп түсіндірді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.



Презентация мәселе – шешім – қорытынды алгоритмге негізделген. Ұсыныстар мен идеяларын цифрлық сарапшылар мақұлдаған үміткерлер өз жобаларын Қорғаныс министрлігінің басшылығымен әңгімелесу барысында таныстыратын болады.


Нәтижесінде 13 цифрлық офицер іріктеледі. Ұйымдастырушылық және штаттық құрылымға сәйкес олар Қорғаныс министрлігінде – бір, Бас штабта – үш және Қарулы күштерде – тоғыз цифрлық офицер лауазымдарына бөлінеді.


Келесі кезеңді өткізу күні мен уақыты қосымша хабарланатын болады. Алғашқы іріктеуден өткендерге «Цифрлық офицер» жобасының сall-орталығына 46 147 телефонына хабарласуы қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #Қазақстан #қорғаныс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Анасынан айырылып, жұмсақ ойыншық құшақтаған кішкентай маймыл өзіне дос тапты

Бүгін 15:47

Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатталды

Бүгін 15:13

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.