ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қорғаныс министрлігі "әскерден босатуға" қатысты е...

Қорғаныс министрлігі "әскерден босатуға" қатысты ескерту жасады

Мұны білген жөн Кеше 16:18 75
Қорғаныс министрлігі "әскерден босатуға" қатысты ескерту жасады
Сурет: 24.kz
Әлеуметтік желілерде "әскерден қалдыру" немесе "ақ билет" алып беру бойынша қызмет көрсету жарнамасы таратылып жатыр. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке шақыруды...

Әлеуметтік желілерде "әскерден қалдыру" немесе "ақ билет" алып беру бойынша қызмет көрсету жарнамасы таратылып жатыр. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек шақыру комиссиясы тарапынан қабылданатын түсіндіреді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Әскерге шақыру мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беру – заңды қызмет. Алайда медициналық құжаттарды қолдан жасау, жалған диагноздарды рәсімдеу және әскери қызметтен жалтарудың өзге де заңсыз тәсілдері делдалдар үшін де, шақырылушылардың өздері үшін де қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

"Ведомство азаматтарды күмәнді схемаларға қатыспауға және жергілікті әскери басқару органдары (әскери комиссариаттар) немесе медициналық комиссиялар арқылы "мәселені шешіп беруге" кепілдік береміз деп, азаматтарды жаңылыстыратын "әскери комиссариаттардың көмекшілерінің" айла-шарғыларына алданбауға шақырады", - делінген хабарламада.

Мерзімді қызмет жастарға білім беру жеңілдіктері мен гранттар алу, кәсіби дағдыларды меңгеру, дене дайындығын нығайту секілді нақты мүмкіндіктер береді.

"Сонымен қатар, мерзімді әскери қызмет өткеру кезінде және қызметтен босатылғаннан кейін екі ай ішінде әскери қызметшілер үшін кредиттік демалыс (несиелік каникул) тетігі қолданылады. Белгіленген мерзімді толық өтеген азаматтарға білім беру жеңілдіктері ұсынылады. Соның ішінде оларға студенттік жатақханадан орын алуға да басым құқық беріледі", - делінген сайтта.

Сондай-ақ, жоғары оқу орнына ҰБТ тапсырмай-ақ білім беру грантын алу мүмкіндігі қарастырылған. Бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алуға арналған сертификаттар мерзімді әскери қызмет өткерген 9 мыңнан астам қазақстандыққа берілді.

Азаматтар шақыру комиссиясының шақыру қағазы бойынша жергілікті әскери басқару органдарына келуге міндетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.