AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қоқыс тастағандарға айыппұл салынады

Қоқыс тастағандарға айыппұл салынады

Әлеумет 29.02.2024, 11:14 1,385
Қоқыс тастағандарға айыппұл салынады
Сурет: Alex Milan/Getty Images Читайте больше: https://www.nur.kz/nurfin/fines-and-taxes/2054616-mogut-li-oshtrafovat-za-ostavlennyy-v-podezde-paket-s-musorom-v-kazahstane/

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мәжілісте өткен дөңгелек үстел отырысында айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



"Экология министрлігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп "Е-құрылыс" ақпараттық жүйесін күшейту аясында қалдықтарды түзушілердің (құрылыс компанияларының) құрылыс қалдықтарының қозғалысын бақылау тетігін пысықтап жатыр. Қалдықтардың пайда болу көлемі және арнайы кәсіпорындармен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша шарттардың болуы туралы мәліметтерді осы жүйеде көрсету ұсынылады. Бүгінде нормативтік техникалық құжаттарға өзгерістер енгізіліліп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әкімдіктермен бірлесіп құрылыс қалдықтарын жинау алаңдарын ұйымдастыру және қайта өңдеу бойынша қуаттарды ұлғайту жұмыстары жүргізілуде", - деді ведомство басшысы.



Сөзінше, 19 өңірде бұл жұмыс жолға қойылды және Абай, Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау облыстарында жол карталары әзірленді. 


Ерлан Нысанбаев азаматтар мен бизнес субъектілерінің санасын арттыру мақсатында белгіленген орындардан тыс жерлерде қоқыс шығарғаны үшін айыппұл мөлшерін ұлғайту мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. 



"Экология министрлігі белгіленген орындардан тыс жерде қоқыс шығарғаны үшін айыппұлдарды ұлғайтуды көздейтін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер әзірледі. Мысалы, жеке тұлғалар үшін 50 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 100 АЕК-тен 750 АЕК-ке дейін, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 100 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 100 АЕК-тен 2000 АЕК-ке дейін. ӘҚБтК-дегі осы түзетулер "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астананы және Республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасы шеңберінде көзделген, ол бүгінде қоғамдық тыңдаудан өтті және көрсетілген түзетулер бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі", - деп атап өтті министр.



Ведомство басшысының дерегінше, былтыр қалдықтарды көму объектілері бойынша 29 тексеру жүргізіліп, шамамен 10 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қоқыс #Экология #заң #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);