конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қоқыс қалдығын тастайтын жерге де тазалық керек

Қоқыс қалдығын тастайтын жерге де тазалық керек

Барлығы 24.04.2025, 20:14 1,099
Қоқыс қалдығын тастайтын жерге де тазалық керек
Сурет: Қайрат Қонысбаев

Қаламызда «Таза Қазақстан» акциясы әлі де жалғасып жатыр.  Бұл арқылы Алматы  экологиялық жауапкершілігі жоғары қала екенін көрсетіп келеді.  Кезекті іс-шара барысында шаһардағы   тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлер мен алаңқайлар арнайы тазалаудан өткізілді.  Бұл – тек санитарлық шара ғана емес,  экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы маңызды қадам.

Сурет: Қайрат Қонысбаев

  24 сәуір күні Қаламыздың Әуезов ауданындағы үш мекенжайда орналасқан контейнерлер мен қоқыс алаңқайларына тазалық жұмыстары жүргізілді.  Айталық,  3-ықшамаудан, №14-үй,  №65-үй және 1-ықшамаудандағы № 77 үйлердің аулаларына  орналасқан  күнделікті тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге дезинфекция жасалды. Шара барысында  тек контейнерлер ғана емес,  олар орналасқан алаңқайлар да өңделіп, дератизация жұмыстары жүргізілді. Бұл енді бір жағынан ауру таратушы кеміргіштермен күрестің де тиімді әдісі ретінде қолға алынған.

Контейнерлер жақын орналасқан үйлердің тұрғындары да   тазалық шарасын  қолдайтынын жеткізді.

 

– Қалдықтар жиналатын орын тазартылып, арнайы сұйықтықтармен өңделіп жатыр. Ауасы мен айналасы тазарып, өңіліміз де орнығып жатқандай. Балаларымыз емін-еркін ойнай алатын болды. Осындай игі  жұмыстар  көбейсе екен деймін.  Қаланың тазалығы – әрбір тұрғынның жауапкершілігі, сондықтан баршамыз игі іске атсалысуымыз керек, – дейді 3-ықшамаудан тұрғыны Гүлнар Мырзаханқызы. 

Маханбет  Сансызбаев,  Алматы қаласының Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының қалдықтарды басқару бөлімінің бас маманы:

-Жүргізіліп жатқан шара  тек сыртқы тазалық емес, тұрғындардың  денсаулығын қорғау.  Контейнерлер мен алаңқайларды дезинфекциялау – түрлі аурулардың алдын алудың бірден-бір жолы.  Бұл жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жүргізіліп отырады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қоқыс #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);