AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қонаевта турникке тартылудан республикалық фестива...

Қонаевта турникке тартылудан республикалық фестиваль өтуде

Спорт 10.07.2022, 08:50 1,371
Қонаевта турникке тартылудан республикалық фестиваль өтуде
Сурет: Inform.kz

Елімізде алғаш рет әуесқой спортшылар арасында турникке тартылудан жарыс басталды. Оған өңірден 100-ден астам адам қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Бүгін Қонаев қаласында бастау алған спорттық сайыс қыркүйек айына дейін жалғасады. Аталған уақыт аралығында Tartyl Fest еліміздің 20 қаласында өтпек. Аталған спорттық шара ҚР Президенті жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қорының қолдауымен өтіп жатыр. Турникке тартылудан кез келген азамат бақ сынай алады. Сондай-ақ, қаржылай сыйақы қарастырылған.


Айта кетсек, Street Workout - бірнеше спорт түрінің басын біріктірген әуесқойларға арналған бәсеке. Еліміздің 20 өңірінде өтетін «Tartyl Fest» шарасы барысында 9 санат бойынша 27 жеңімпаз анықталады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар әлемдік чемпионатқа жолдама ұтып алады.


Әр қаладағы жүлде қоры:


1 орын 200 000 тг


2 орын 100 000 тг


3 орын 50 000 тг


Гранд Финалдың жүлде қоры:


1 орын 3 000 000 тг


2 орын 2 000 000 тг


3 орын 1 000 000 тг


Айта кетейік, ақтық сайыс Нұр-Сұлтан қаласында 8 қыркүйек күні өткізіледі. Назарларыңызға турникке тартылудан жарыс қай күні, қай қалада өтетінін ұсынамыз:


Талдықорған 14 шілде;


Алматы 17 шілде;


Тараз 20 шілде;


Шымкент 23 шілде;


Түркістан 25 шілде;


Қызылорда 27 шілде;


Ақтау 31 шілде;


Атырау 3 тамыз;


Орал 6 тамыз;


Ақтөбе 9 тамыз;


Қостанай 12 тамыз;


Петропавл 15 тамыз;


Көкшетау 18 тамыз;


Жезқазған 21 тамыз;


Қарағанды 24 тамыз;


Павлодар 27 тамыз;


Семей 30 тамыз;


Өскемен 2 қыркүйек;


Нұр-Сұлтан 6-8 қыркүйек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #турнир #Сайыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);