Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қолөнер - қазақтың төл өнері!

Қолөнер - қазақтың төл өнері!

Әлеумет 21.03.2024, 08:35 1,558
Қолөнер - қазақтың төл өнері!
Сурет: Самат Құсайыннов

Орталық мемлекеттік музейде «Наурыз нақыштары» атты көрме өтті.


Аталған шараға еліміздің әр өңірінен келген қолөнершілер қатысып, өздерінің еңбектерін көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Олардың арасынан, әшекей-бұйымдар, үйге арналған туындалар, керамика, музыкалық аспап және т.б заттарды кездестіруге болады.



Қазақ өнерінің өн бойындағы ерекшеліктің бәрі, өрнектелген оюдың әрқайсысы қазақ деген ұлы ұлттың бар екендігін жаһанға жариялап, әлемге паш етіп танылатындай танымды өнер десек артық айтқандық емес. Алғашында тұрмыстық заттарды, күнделікті тіршілікке қажетті бұйымдарды жасаудан басталған берекелі іс ұлттық өнерге жалғасты.



Ежелден қалыптасып, ғасырлар тоғысында жаңғыра түскен кәсіпшіліктің көрсеткіші жоғары, тарихы тым тереңде.



Сонымен қатар бабадан мирас боп қалған рухани құндылықты санамен сіңіріп, өнерді өң бойына дарытып, дарындылығымен дараланған, ерекше ептілігімен көзге түскен шеберлердің ел ішінде құрметі артып, абыройы асқақтай түсуде.




«Биылғы жылы әз-наурыз мейрамы президентіміздің тапсырмасымен ерекше тойлануда. Ұлттық мерекемізді 10 күн бойы тойлау жоспарланған болатын. Осы орайда, біздің орталық музейде шеберлер мер қолөнерлер көрмесін ұйымдастырып отырмыз. Кез-келген келуші қазақи нақышта жасалған заттарды көріп, сатып алатын мүмкіндігі бар. Бұндай бұйымдар, мәдениетіміздің тарихын, байлығын және сұлулығын көрсетеді. Басты мақсат – халық арасында қолөнерді сақтап, кеңінен насихаттап, қолөнершілерді және олардың бұйымдарын көпшілікке көрсету. Мұндай іс-шаралар мәдени мұраны сақтауға және дәстүрлі өнер мен қолөнерге құрметпен қарауға ықпал етеді деп ойлаймын. Қолөнердің жан-жақты дамып келе жатқанын да айта кеткен жөн. Бұл жеке тұлға үшін практикалық дағды ғана емес, сонымен қатар рухани байыту», - деді ҚР Орталық мемлекеттік музейі Ішкі байланыс бөлімінің басшысы Динара Бөлтірікова.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#қолөнер #төл өнер #наурыз #мейрам #мереке #жыл басы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.