Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қоймада күшті жарылыс болды

Қоймада күшті жарылыс болды

Әлеумет 28.09.2023, 03:36 959
Қоймада күшті жарылыс болды
Сурет: ашық дереккөз

Ташкенттің Сіргелі ауданы «Құрылысшылар» филиалындағы «Inter Logistics» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі қоймада күшті жарылыс болды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Gazeta.uz-не сілтеме жасап.



Жарылыстан кейін Ташкенттің Сіргелі ауданындағы қоймада өрт шықты. Жергілікті уақытпен сағат 2:43-те ТЖМ-ға өрт туралы хабар келіп түскен. Зардап шеккендер бар. Желілердегі бейнежазбаларда үй мен басқа да заттардың қатты зақымдалғанын көруге болады. Қазір тілсіз жау ауыздықталды. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.


Оқиға орнына 16 өрт сөндіру бригадасы мен 3 жүк көлігінің жүргізушісі сағат 02:48-де жеткен.


Әлеуметтік желіде тараған видеолардан қатты жарылыс естіледі. Жақын маңдағы үйлер, сауда және басқа да орталықтар айтарлықтай зардап шеккен. Жедел жәрдем пәтерлерді де аралап жүр.


ТЖМ оқиғаның ұшақ апаты салдарынан болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.


Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, жарылыс салдарынан зардап шеккендер Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы мен оның Ташкент облысындағы филиалына жеткізілген.



«Әзірге олардың арасында ауыр жарақат алғандар жоқ. Дәрігерлер зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр», - делінген хабарламада.



Жарылыстың себебі анықталған жоқ. Өрт әлі толығымен сөнбеді. Зардап шеккендер мен зақымданған көліктер саны анықталып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқиға #Жарылыс #төтенше жағдай #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.