ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Қоян-қолтық ұрыстан Қарулы Күштер чемпионаты мәрес...

Қоян-қолтық ұрыстан Қарулы Күштер чемпионаты мәресіне жетті

Спорт 03.03.2023, 15:39 1,613
Қоян-қолтық ұрыстан Қарулы Күштер чемпионаты мәресіне жетті
Сурет: Министрлік
Сайысқа 132 спортшы қатысты

Сайысқа 132 спортшы қатысты


Әскери-қолданбалы спорт түрлерінен Қарулы күштердің ХХ спартакиадасы аясында Ақмола облысы Щучинск қаласында Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінің базасында армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оған Қарулы күштердің барлық әскер түрлері мен тектерінің, өңірлік қолбасшылықтарының және басқа да күштік құрылымдарының атынан 17 команда құрамында 132 спортшы қатысты.




– Армиялық қоян-қолтық ұрысының негізгі элементтерін әрбір әскери қызметші білуі тиіс. Өйткені, нағыз жауынгер кез келген оқиғада және қалыптасқан жағдайда, қарумен де, қарусыз да қарсыласқа қарсы тұра алуы керек. Қазіргі жарыстар спортшыларымыздың дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетті, – деп атап өтті Қорғаныс министрлігінің Аппарат басшысы полковник Ербол Құмарбекұлы.



Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте 32039 әскери бөлімінің құрамасы алтын жүлде олжаласа, күміс – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына, қола – Десанттық-шабуылдау әскерлеріне бұйырды.



Жеке біріншілікте 57 келіге дейінгі салмақта 32039 әскери бөлімінің әскери қызметшісі майор Аман Шәкіртов, 62 келіге дейін – Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгері кіші сержант Айдын Нұридинов, 67 келіге дейін – Әуе қорғанысы күштерінің офицері аға лейтенант Жәнібек Сәбит, 73 келіге дейін – 32039 әскери бөлімінің намысын қорғаған майор Вадим Федосеев, 80 келіге дейін – 32039 әскери бөлімінен аға лейтенант Бақтияр Қожахметов, 88 келіге дейін – 32039 әскери бөлімінің сардары лейтенант Арман Ерменбет, 97 келіге дейін – Құрлық әскерлері әскери институтының 4 курс курсанты Есбол Досжан, 97 келіден жоғары – Құрлық әскерлеріне тікелей бағынысты бөлімнің жауынгері ефрейтор Еламан Қуатов жеңіс тұғырларынан көрінді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,312 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.