AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Қоғамдық кеңес АЭС салу мәселесін талқылады  

Қоғамдық кеңес АЭС салу мәселесін талқылады  

АЭС: Референдум 09.09.2024, 16:37 1,117
Қоғамдық кеңес АЭС салу мәселесін талқылады   
Қайрат Қонысбаев

Әлеуметтік қызметтер үйінде Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі төралқасының кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс барысында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрайымы Алтынай Көбеева АЭС салуы мәселесіне байланысты референдум өткізудің қажеттілігін сұрап, осы тақырыпты ортаға салды. Алғашқы болып ойын білдіргендердің бірі – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Алматы Азаматтық Альянсының төрағасы Қайыржан Әбдіхалықов болды.

- Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында 6 қазан күні болатын референдум туралы жария етті. Әрине, бұл өте маңызды шара. Өйткені референдум арқылы біз халық үніне құлақ асып, азаматтардың АЭС салу мәселесін қаншалықты қолдайтынын көреміз. Басқа мемлекеттерде жеке тұлға не үкімет қана осындай шешімдерді қабылдайды. Ал біздің елде жыл бойы 20 өңірде жария талқылаулар өтті. Яғни, бізде үкімет өз бетінше ғана емес, халықпен бірге осы шешім қабылдайды, – деді ол.

Референдум өткізуге байланысты Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, экономист Әкімжан Арупов та пікір білдірді.

- Президент және үкімет Қазақстан халқының пікірін білу үшін соңғы 3 жылда 2 рет референдум өткізілгелі жатыр. Президент өз сөзінде Әділетті Қазақстан құрудың басында екенімізді атап өтті. Кей адамдар «Әділетті Қазақстан» қайда дейді? Осындай саяси қадамдар әділетті қоғамның іргетасын қалап жатыр. Мен экономист ретінде Қазақстан экономикасының өркендегенін қолдаймын. Әлемде 400 астам АЭС бар және атом реакторы біздің еліміз үшін де жаңалық емес. 1970 жылдардан бастап Ақтау қаласында атом реакторы қолданылды, – деді Әкімжан Арупов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #Әкімжан Арупов #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);