AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қоғамда қылмысқа мүлдем төзбеушілік қағидаты дәріп...

Қоғамда қылмысқа мүлдем төзбеушілік қағидаты дәріптелуі керек

Әлеумет 15.11.2023, 06:12 1,571
Қоғамда қылмысқа мүлдем төзбеушілік қағидаты дәріптелуі керек
almaty-akshamy.kz

Заңдылық пен тәртіп қағидатын орнықтыру ісі вандализм, балаларға қарсы қылмыс, тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты жағымсыз құбылыстармен күрестен басталады. 


Мұндай құқықбұзушылықтарға қойылатын алғашқы және өте маңызды тосқауыл ─ азаматтардың оларға бей-жай қарамауы. Сондықтан елімізде жүгенсіздіктің,  озбырлықтың және қылмыстың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік ұстанымын қалыптастырудың мән-маңызы зор. Қоғамда белсенді азаматтық көзқарас үстемдік құрып, ізгілік, тілектестік, өзара көмек сияқты басты құндылықтар дәріптелуге тиіс.   



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың қауіпсіздігі мен олардың құқығын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелері туралы үнемі айтады. Оның сөйлеген сөздерінен дәйектілік және мызғымас ұстаным байқалады. Президент жүгенсіздіктің кез келген түріне, вандализм мен зорлық-зомбылыққа қатаң тосқауыл қою керек, әсіресе, әйелдер мен балаларға қарсы қылмыс үшін жазаны күшейту қажет деп есептейді.  



Қазақстанда 2020 жылдан бері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жолында жүйелі шаралар қабылданып келеді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бастамаларын іске асыру аясында полицияның тиісті бөлімшелерінің штаттық саны артты, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық істерін қарау үшін тергеуші-әйел мамандығы енгізілді.  



Заңнамадағы соңғы түзетулерге сәйкес, енді мұндай қылмыстар тек жәбірленуші арызының негізінде ғана емес, сонымен бірге куәгерлердің, көршілердің мәліметі, бейнекамералардың жазбасы және т.б. негізде анықталатын болады. Бұдан бөлек, қазір бір рет ымырағы келген тараптардың кейін қайта татуласуына жол берілмейді. Жалпы, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді.  



Әрине, қоғамда басқа көзқарас та бар. Кейбіреулер заңнаманы одан әрі қатаңдату мұндай қылмыстардың ашылу көрсеткішін төмендетеді деп есептейді. Алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, жазаның қатаңдығы және одан бұлтару мүмкіндігінің болмауы ─ қылмысқа қарсы іс-қимылдың ең тиімді тетігі. 



Бұл мәселені тек заңнамаға өзгеріс енгізу арқылы шешу мүмкін емес. Сонымен бірге азаматтардың көзқарасы, моральдық ұстанымы да өзгеруі керек. Осындай әрекеттерге көз жұмып қарайтын болсақ, онда мемлекет қабылдап жатқан шаралардан еш нәтиже шықпайды.  



Яғни, деструктивті мінез-құлықтың кез келген түріне қарсы күрес кешенді іс-қимылды талап етеді. Қоғамда қылмысқа мүлдем төзбеушілік қағидаты, ал мемлекеттік деңгейде заң мен тәртіп қатаң сақталу қағидаты дәріптелуі керек. Сондықтан мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар жүгенсіздік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұрудың тиімділігін арттыру үшін күш жұмылдырып, ортақ амал-тәсіл әзірлеуі қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс #қоғам #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);