Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚМДБ төрағасы «Рамазан сыйы» қайырымдылық марафоны...

ҚМДБ төрағасы «Рамазан сыйы» қайырымдылық марафонына қатысты

Әлеумет Бүгін 16:14 26
ҚМДБ төрағасы «Рамазан сыйы» қайырымдылық марафонына қатысты
Сурет: muftyat.kz

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай 35 мың отбасыға көмек көрсетуді мақсат еткен «Рамазан сыйы» қайырымдылық марафоны бастау алды. Қайырымдылық шарасына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, игі іске қолдау білдірді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Алла Тағала Құранда: «Жақсылықтың жақсылықтан басқа қайтарымы бар ма?» деп «әр-Рахман» сүресінде баяндағандай, шынында да жақсылықтың қайтарымы ‒ тек жақсылық қана. Алла Тағала «Хаж» сүресінің 37-аятында: «...Жақсылықты ықыласпен істеушілерді қуандыр!» ‒ деп, үнемі қайырымдылық жасайтын пенделеріне сүйінші хабар жеткізген.

Өздеріңізге белгілі, жыл басында жолдаған Бағдарлық баяндамамда тәуелсіздігімізге 35 жыл толуына орай еліміз бойынша ауқымды іс-шаралар өткізу қажеттігін атап өттім. Осы бастама аясында қасиетті Рамазан айында республика көлемінде тәуелсіздігіміздің 35 жылдығына орай «35 мың азық-түлік себетін тарату» қайырымдылық акциясын өткізіп отырмыз.

Бұл игі шара – егемен ел ретінде орныққан бірлігіміз бен ынтымағымыздың, бауырмалдық пен жанашырлықтың нақты көрінісі. Тәуелсіздік бізге тек еркіндік қана емес, үлкен жауапкершілік жүктейді. Ал жауапкершіліктің өлшемі – елге қызмет ету. Біздің діни саладағы ұранымыз: Қожа Ахмет Ясауи бабамыз айтқандай, Хаққа қызмет халыққа қызмет етуден басталады», - деді Бас мүфти.

Айта кетейік, қайырымдылық марафоны қасиетті Рамазан айының соңына дейін жалғасып, жалпы саны 35 мың отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізу көзделген. Бүгінгі сауапты шараға еліміздің барлық өңіріндегі мешіт имамдары, «Зекет және қайырымдылық» қорының қызметкерлері мен еріктілері, дін жанашырлары мен демеуші азаматтар бір мезетте атсалысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#рамазан #қайырымдылық #марафон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында 9 миллион теңге шығын келтірген күдікті ұсталды

Бүгін 17:23

Депутат көлік әйнегін қараңғылатуға қойылған тыйымды алып тастау ұсынды

Бүгін 17:01

Олжас Бектенов "ДӨО алқабы" жобасы аясында жиын өткізді

Бүгін 16:45

Балаларға арналған міндетті екпелер: алматылық дәрігер вакцинация кестесі жайлы айтты

Бүгін 16:42

Қонаев атындағы академияның заңгерлері мен студенттері референдумды қолдады

Бүгін 16:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі