конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / ҚМДБ Төрағасы Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хат...

ҚМДБ Төрағасы Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысымен кездесті

Әлем 12.05.2022, 07:01 1,552
ҚМДБ Төрағасы Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысымен кездесті
Сурет: ҚМДБ

Бас мүфти Ислам Лигасының Бас хатшысын қыркүйек айында елімізде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне қатысуға шақырды.


ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Эр-Рияд қаласында Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы шейх, доктор Мұхаммед ибн Абдулкарим әл-Иссамен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚМДБ сайтына сілтеме жасап.


Кездесуде екі ел арасындағы достық, рухани байланыстар сөз болды. Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы ҚМДБ Төрағасына «Дін ұстанушылар арасындағы ортақ құндылықтар форумына» қатысып, жасаған баяндамасы үшін алғысын білдіріп, ортақ бастамаларға қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.



«Қазақстанның біз үшін орны бөлек. Сіздермен арадағы қалыптасқан достық байланысты әрі қарай дамытуға әрқашан ниеттіміз. Қазақстан көптеген елдерге өзінің тұрақтылығымен, дінаралық келісімді сақтаудағы өзіндік үлгісімен танымал. Біз әркез ортақ жобаны бірге атқаруға дайынбыз» деді Лига Бас хатшысы.



Өз кезегінде Наурызбай қажы Тағанұлы маңызды жиынның нәтижелі болғанын айтып, Лиганың жұмысына табыс тіледі.



«Дүниежүзілік Ислам Лигасы Қазақстанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін, біздің ортақ бастамаларымызды әрдайым қолдап келеді. Өзіңізді қыркүйек айында Қазақстан астанасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне қатысу үшін арнайы шақырамыз. Біздің мақсатымыз – тәуелсіздік алған тұстан бері бейбітшілікті ұстану, әлемде болып жатқан жанжал, дінаралық қақтығыстардың алдын алу. Осы ретте Лиганың атқарып отырған жұмысы орасан зор. Мұсылман үмбетінің ауызбіршілігін нығайту бағытында да көптеген жұмыс атқарылуда. Біздің де мақсатымыз діни көзқарастарымыз бір болып, ортақ мүддеге қарай ойыссақ деймін. Өзіңізбен пікір алмасып, сұхбаттасқаныма қуаныштымын. Алла разы болсын! Лиганың жұмысына болашақта да табыс тілеймін!» деді Бас мүфти.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚМДБ #мүфти #лига
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 17:49

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);