AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қимылдаған қаражат тауып жатыр

Қимылдаған қаражат тауып жатыр

Әлеумет 03.10.2023, 04:44 943 Almaty-akshamy.kz. 
Қимылдаған қаражат тауып жатыр
Сурет: Назерке Саниязова

Қызылордалық көпбалалы ана Венера Тайлақбаева Еуропа нарығына қамыс шығарып, қомақты пайданың көзін тапты, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.



Венераның жасы 37-де, жолдасы Райысбек Аяпбергеновпен бірге он бала тәрбиелеп отыр. Екеуі теміржол саласында еңбек еткен. Бірақ тапқаны күнелткенге жетпей, басқа кіріс көзін іздепті. Бұл тың идея оған коронавирус пандемиясы кезінде келген. Осылайша, өзі тұратын Қазалы ауданында қаулап өскен қамысты кәдеге жарату жолдарын жан-жақты қарастырады.



"Бұл нарықты ұзақ әрі мұқият зерттедік. Әуелі Германия кәсіпкерлеріне қамыс сатып алуды ұсындық. Шет елде оны жоғары бағалайды. Тұрғын үй құрылысында қолданады. Көп ұзамай Нидерланд, Дания, Франция, Польшадан тапсырыстар түсе бастады. Ұлыбритания, Беларусьтен де сатып алушылар табылды. ТМД мемлекеттерімен де байланыс орнатқымыз келеді", - деді кәсіпкер.



Жұмысы алға жылжыған олар "АзияҚамыс" шаруашылығын құрып, қарамағына ауылдастарын жинаған. 10-15 шақты адам тұрақты еңбекке тартылса, уақытша жұмысқа 300-ге жуық адам жұмылады екен. Бір маусымда орта есеппен 60-70 жүк көлігі Еуропа асады.


Өнімді жинау, қабылдау сияқты шаруа Венера Тайлақбаеваның жұбайының мойнында. Ал шетелдіктермен келіссөз жүргізу, құжаттарды реттеу, қамыс сатуды Венера өз міндетіне алған. Кәсіпкер әйел осы кәсіп үшін ағылшын тілін де аз уақыт ішінде үйреніп алған. Қазір неміс, француз тілдерін меңгеріп жүр. Осылайша, бизнесінің географиясын кеңейткісі келеді.


Шетелдіктер тұзды топырақта өскен қамысты қуана-қуана қабылдапты.




"Германиядан келген инвестор Қазалыдағы қамыс өсетін жерді көрді. Сапасы жағынан талапқа сай келгеніне қуанып кетті. Берік, құрғақ әрі ұзын. Оларға керегі осындай еді", - дейді кәсіпкер.



Венера Тайлақбаева - қос қызыл дипломның иесі. Сөйте тұра, қамыс кәсібінен береке тауып жүр. Алдағы уақытта қамысты өз еліміздің кәдесіне жаратуды да ойластырып жүр.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#қамыс #табыс #кәсіпкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);