ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / ҚХР мен АҚШ басшылары Тоқаевты Наурыз мейрамымен қ...

ҚХР мен АҚШ басшылары Тоқаевты Наурыз мейрамымен құттықтады

Саясат 20.03.2023, 21:00 1,478
ҚХР мен АҚШ басшылары Тоқаевты Наурыз мейрамымен құттықтады
Сурет: Ашық дереккөз
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшыларынан  құттықтаулар келіп түсіп жатыр. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшыларынан  құттықтаулар келіп түсіп жатыр. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.


Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ел Үкіметі мен халқының, сондай-ақ өзінің атынан жолдаған құттықтау жеделхатында  достас Қазақстан халқына бақ-береке, ал Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық және оның жауапты жұмысына табыс тіледі.



– Мен Қытай және Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың дамуына айрықша мән беремін. Сіздің Қытайға мемлекеттік сапармен келетініңізге және биыл мамыр айында өтетін алғашқы "Қытай – Орталық Азия" саммитіне қатысатыныңызға қуаныштымын. Екі елдің ынтымақтастығын  одан әрі дамыту, сондай-ақ Қытай мен Орталық Азия арасындағы байланысты нығайту мәселелері жөнінде өзіңізбен пікір алмасамыз деп сенемін, – деп жазылған Си Цзиньпиннің жеделхатында.



АҚШ Президенті Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен және Рамазан айының басталуымен құттықтады.



– Елдеріміздің арасындағы өзара стратегиялық серіктестік пен халықтарымыздың достық қарым-қатынасы бүкіл аймақтағы бейбітшілікті сақтауға және өңірді өркендетуге септігін тигізеді. Бүгін Астанадан Алматыға дейінгі және бүкіл ел тұрғындары көктемгі жаңару мерекесін тойлайды. Қазақстанның жарқын болашағын және елде тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін Сіздің саяси және экономикалық реформаларыңызды Америка Құрама Штаттары әрдайым қолдайтынын растаймын. Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын! – деп жазған Джо Байден.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.