конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚХА-ның 30 жылдығы – ұлттық бірлік мерекесі

ҚХА-ның 30 жылдығы – ұлттық бірлік мерекесі

Әлеумет 24.04.2025, 12:47 861
ҚХА-ның 30 жылдығы – ұлттық бірлік мерекесі
Алматы қаласы әкімдігі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде ел ішіндегі этникалық әралуандылықты ұлттық байлық ретінде бағалап, бұл ерекшеліктің Қазақстанның тұрақты дамуына ықпал етіп отырғанын баса айтты. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Әралуандылық – бірліктің және күштің бастауы

Мемлекет басшысы әлемнің кейбір елдерінде этникалық әртүрлілік сенімсіздік пен қақтығыс көзі ретінде қабылданатынын айта отырып, Қазақстанда бұл керісінше – қоғамды біріктіретін, болашаққа жетелейтін ұлы күш екенін мәлімдеді.

"Кейбір мемлекеттер үшін этникалық әралуандылық сын-қатердің, сенімсіздік пен төзбеушіліктің белгісі болуы мүмкін. Бірақ бұл біздің жалпыұлттық қазынамыз әрі стратегиялық артықшылығымыз", – деді Тоқаев.

Президент Қазақстан халқының бірлігін нығайтатын басты құндылықтарды да атап өтті. Оларға ынтымақ, диалог, сенім мен құрмет, азаматтық жауапкершілік секілді қағидаттар жатады.

"Осы құндылықтарға арқа сүйей отырып, біз Тәуелсіздіктің зор жетістіктерін сақтап, еселеп, келер ұрпаққа аманаттай аламыз", – деді Мемлекет басшысы.

Президент өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – ел тәуелсіздігі тарихындағы маңызды белес екенін атап өтті. Бұл мерейтой ұлттық келісім мен бірліктің нақты жемісін көрсететін айрықша оқиға болмақ.

"Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – егемендік тарихындағы айтулы оқиға. Бұл мерейтой әр азаматтың бақ-берекесін арттыру жолында ұлтымызды ұйыстыратын маңызды белеске айналады деп сенемін", – деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент елдегі берекелі өмір мен татулықтың қалыптасуына үлес қосқан азаматтардың еңбегін жоғары бағалайтынын жеткізді.

"Біз халқымыздың береке-бірлігін нығайтуға үлес қосқан азаматтарымызға әрдайым құрмет көрсетеміз. Отыз жылда жеткен жетістіктеріміз осындай абзал жандардың еселі еңбегінің жемісі екені сөзсіз", – деп түйіндеді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Әлем #келісім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);