AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазынаға қайтарылған қаражатқа Ұлытау облысында ме...

Қазынаға қайтарылған қаражатқа Ұлытау облысында мектеп салынады

Әлеумет 05.02.2025, 11:08 871
Қазынаға қайтарылған қаражатқа Ұлытау облысында мектеп салынады
gov.kz

Ұлытау облысының Қаражал қаласында қайтарылған 1,4 млрд теңгеге 80 орындық мектеп салынады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жаңа білім ошағы «Вокзал» шағын ауданында бой көтереді. Бұл ауданда мектеп тапшы болғандықтан, оқушылар қаланың басқа аудандарындағы мектептерге қатынап оқуға мәжбүр. Жаңа мектеп орын тапшылығын азайтып, білім сапасын жақсартуға ықпал етеді. Жалпы, Арнаулы мемлекеттік қордан 56,6 млрд теңге әлеуметтік нысандар салуға бөлінген.

Бұл қаражатқа: Атырау, Жетісу, Түркістан облыстарында – мектептер,

Ақмола облысында – спорт кешені,

Риддерде – көпсалалы аурухана,

Шымкентте – жатақхана,

Ақтөбе мен Петропавлда – балабақшалар салынады.

Сонымен қатар заңсыз шығарылған активтер есебінен Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығы, Арқалықта дарынды спортшыларға арналған кешен, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы бой көтереді. 2024 жылы мемлекетке қайтарылған активтер көлемі 300 млрд теңгеге жеткен.

Оның ішінде: Аустриядан – 36,8 млрд,

Лихтенштейннен – 116,7 млрд,

БАӘ-ден – 6,3 млрд,

Түркиядан – 6,5 млрд теңге қайтарылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаражат #мектеп #аурухана #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);