AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / ҚазҰУ профессоры Алуа Ибраева: «Жаңа Конституция –...

ҚазҰУ профессоры Алуа Ибраева: «Жаңа Конституция – жүйелі түрде жаңғыртылған құқықтық құжат

Барлығы 03.02.2026, 15:30 452 dulatbekova
ҚазҰУ профессоры Алуа Ибраева: «Жаңа Конституция – жүйелі түрде жаңғыртылған құқықтық құжат
Сурет: Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі

Қоғамдық кеңістікте Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы белсенді түрде талқыланып жатыр. Құжат неге «жаңа Конституция» деп аталады? Оның несі жаңа және қоғамға не береді?

Реформалар жөніндегі парламенттік жұмыс комиссиясының мүшесі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Алуа Ибраева осыған жауап берді.

Оның айтуынша, құжаттың жаңа немесе жаңартылған мәртебесі туралы мәселе нақты құқықтық негізге ие.

«Құқықтық актілер туралы заңға сәйкес, қолданыстағы нормативтік құжатқа 30–50 пайыздан астам өзгеріс пен толықтыру енгізілген жағдайда, оның жаңа редакциясы қабылданады», — деп атап өтті сарапшы Алуа Саламатқызы.

Бастапқыда әңгіме парламенттік реформа туралы болған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы қазан айындағы өкімімен құрылған жұмыс комиссиясы жарты жылдан астам уақыт бойы ұсыныс әзірлеумен айналысты. Осы кезеңде Конституцияға өзгеріс пен толықтыру енгізуді талқылаған алты отырыс өткізілді.

Алайда кейіннен Президенттің жарлығымен құрылған Конституциялық комиссияның жұмысы барысында жекелеген түзетумен шектелмей, Негізгі заңды жүйелі түрде жаңарту қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

Алуа Ибраеваның пікірінше, бұл тек нормаларды техникалық тұрғыда түзету емес, билік институттары арасындағы тепе-теңдікті және олардың өзара іс-қимылын қайта пайымдау. Жаңа Конституция саяси және қоғамдық сұранысқа жауап беретін институционалдық өзгерістерді бекітуге бағытталған.

Талқыланып отырған құжат жекелеген түзетулер жиынтығы емес, мемлекеттің құқықтық негізін кешенді түрде трансформациялау болды. Сондықтан ол қоғамдық талқылауға жаңа Конституция ретінде ұсынылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция #Реформа #пікір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);