ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / ҚазҰУ оқу корпустарының шатырына күн панельдері ор...

ҚазҰУ оқу корпустарының шатырына күн панельдері орнатылды

Алматы 08.01.2026, 17:00 223
ҚазҰУ оқу корпустарының шатырына күн панельдері орнатылды
Сурет: Gov.kz
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі бірқатар оқу корпустарының шатырына күн панельдері орнатылды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі бірқатар оқу корпустарының шатырына күн панельдері орнатылды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Атап айтқанда, Экономика және бизнес жоғары мектебі, журналистика, заң, тарих, география, биология, филология және медицина факультеттерінің ғимараттары күн панельдерімен жабдықталды.

Аталған жоба энергияны үнемдеуге және электр қуатына кететін шығынды айтарлықтай азайтуға септігін тигізеді.

Энергия өндіру станциясы келісім шеңберінде Қытай тарапымен бірлесіп 20 мың шаршы метр аумаққа салынды. Жоба іске қосылғаннан кейін оқу ордасының электр энергиясына деген қажеттілігінің бір бөлігі баламалы көздер арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл студенттер мен қызметкерлерге тұрақты, экологиялық таза энергияны пайдалануға мүмкіндік береді, сонымен қатар университеттің инновациялық имиджін нығайтады.

Болашақта жоспарға сәйкес ҚазҰУ қалашығындағы барлық факультеттер мен жатақханалар күн панельдерімен қамтамасыз етіледі. Бұған қосымша қалашықтағы оқу корпустары мен әкімшілік ғимараттарының, студенттер үйінің, ғылыми орталықтардың шатырлары толық жаңартылады. Шатырдағы ескі жабындылар алынып, тегістеу жұмыстары жүргізілді. Кейін қара қағаз төселіп, суағар жүйесі орнатылды. Аталған шаралар нысанның ұзақ мерзімге қызмет етуін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатыр.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.