AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҚазҰУ мен Журналистика академиясының бірлескен оты...

ҚазҰУ мен Журналистика академиясының бірлескен отырысы өтті

Білім және ғылым Бүгін 17:53 50 yakiya
ҚазҰУ мен Журналистика академиясының бірлескен отырысы өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан журналистика академиясының бірлескен көшпелі отырысы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Айтулы шара заманауи ғылым мен медианың тоғысқан тұстарын айқындаған маңызды алаңға айналды.

БАҚ өкілдері алдымен университеттің ғылыми-инновациялық әлеуетін таныстыратын арнайы кампус-тур аясында ҚазҰУ-дың озық ғылыми орталықтарын аралады. Журналистер Қазақстан-Қытай «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» бірлескен зертханасы, Farabi Supercomputer Center және Ми институты, Farabi Hub инновациялық өнімдер орталығы мен Farabi Robotics робототехника орталығы қызметімен танысты.

Көшпелі отырысты ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев ашып, БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Университет басшысы заманауи медиа кеңістіктегі бәсекелестік заманында сапалы кадр даярлаудың маңызын атап өтіп, оқу орнының журналистика саласындағы тарихи миссиясына тоқталды.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – отандық журналистика білімінің алтын бесігі, қара шаңырағы болып қала береді. Біз үшін журналист даярлау – жай ғана диплом беру емес, елдік мүддені ту еткен, сөзіне де, ісіне де жауапты тұлға қалыптастыру», – деді Жансейіт Түймебаев.

Өз кезегінде Қазақстан журналистика академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев әріптестерін құттықтап, әділетті Қазақстанды қалыптастырудағы баспасөз өкілдерінің маңызды миссиясын атап өтті.

Жиын барысында отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан сала үздіктеріне арнайы марапаттар мен алғыс хаттар табысталды.

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#отырыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

1 шілдеден бастап Алматыда мүгедектігі бар адамдар үшін жаңа нысандардың қолжетімділігіне бақылау күшейтіледі

Бүгін 18:59

Алматыдағы қолжетімді орта: тексерулер қорытындысы бойынша 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Бүгін 18:54

Алматылық дәрігерлер 9 жастағы баланы ажалдан арашалап, бүйрегін сақтап қалды

Бүгін 17:29

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ми институты ашылды

Бүгін 16:09

Farabi Hub инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығы

Бүгін 16:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);