AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҚазҰУ ғалымы өсімдіктің түрлі ауруға қарсы белсенд...

ҚазҰУ ғалымы өсімдіктің түрлі ауруға қарсы белсенділігін анықтады

Білім және ғылым 02.04.2025, 17:22 859
ҚазҰУ ғалымы өсімдіктің түрлі ауруға қарсы белсенділігін анықтады
Сурет: Gov.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымы Ерғазы Шыбырай Орталық Азияда алғаш рет орамжапырақ тұқымдасына кіретін Lepidium sativum өсімдігінің фитохимиялық құрамы және фармакологиялық белсенділігін толығымен зерттеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Мақсат – өсімдіктің фитохимиялық және фармакологиялық белсенділігін анықтау. Нәтижесінде зерттеуші 17 жаңа және 28 белгілі биобелсенді қосылысты анықтады. ҚазҰУ ғалымының айтуынша, өсімдіктен алынған табиғи өнімді қатерлі ісікке, диабетке және қабынуға қарсы қолдануға болады.

Lepidium sativum өсімдігі бүгінге дейін функционалды тағам ретіне пайдаланылады. Яғни аталған өсімдік қант диабеті мен жоғары қан қысымын реттеуде, тыныс алу жолдарын жақсартуда, тері, жөтелді және асқазан-ішек ауруларын емдеуде Қытай, Үндістан, Еуропа, АҚШ, Африканың халық медицинасында кеңінен қолданылып келеді. Дегенмен халықтық медицинада қолданылу тарихы бай болғанымен, өсімдіктің фитохимиялық және фармакологиялық әлеуеті бойынша толық зерттеу жұмыстары жүргізілмеген.

«Lepidium sativum өсімдігінен табиғатта өте сирек кездесетін екі кемпферол, сегіз глюкозинолат және төрт синапат эфирінің глюкозинолаттары бөліп алынды. Қазіргі таңда қатерлі ісікке және диабетке қарсы белсенділігі бойынша халықаралық патент алынды. Web of Science және Scopus дерекқорына кіретін жоғары деңгейдегі журналда үш ғылыми мақала жарияланды. Фармацевтика саласын отандық шикізат есебінен дамытуға өз үлесімді қосып келемін», – дейді ғалым.

Бүгінде Ерғазы Шыбырай ҚазҰУ базасындағы Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығында аға ғылыми қызметкер, аға оқытушы болып жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚазҰУ ғалымы #зерттеу #Өсімдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);