AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҚазҰУ ғалымдары улы заттарды анықтауға арналған қо...

ҚазҰУ ғалымдары улы заттарды анықтауға арналған қондырғы құрастырып шығарды

Білім және ғылым 13.02.2024, 16:08 1,253
ҚазҰУ ғалымдары улы заттарды анықтауға арналған қондырғы құрастырып шығарды
almaty-akshamy.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары вакуумдық сынама алу қондырғысын құрастырып шығарды. Құрылғы су үлгілерін алуға және судағы органикалық ластағыштарды анықтауға арналған, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ғылыми жобаның жетекшісі Бағдат Сатыбалдиевтің айтуынша, қондырғы энергия көздеріне тәуелді емес, сондай-ақ шөлді аймақтарда қолдануға өте ыңғайлы.



«Қазақстанда бұл алғаш рет. Аталған қондырғы 300-ге жуық сынама алуға мүмкіндік береді. Германия, АҚШ және басқа мемлекеттерде бұл қондырғының аналогтары бар. Бірақ олар электр тогы арқылы жұмыс істейді. Ал біздің өнім энергия қуатынсыз және табиғи аймақтарға қарамастан, жұмыс істей береді. Бұл су сынамаларын алу жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді», – деді ҚазҰУ ғалымы.



Аталған қондырғыны оқу ордасының ғалымдары Сырдариядағы су сапасын зерттеуге және анықтау жұмыстарына қолданған. Нәтижесінде өзен суының құрамынан хлорорганикалық пестицидтер, фунгицидтер және гербицидтер анықталған.


Бүгінгі таңда инновациялық жобаға патент алу жұмыстары жүріп жатыр. Сынама алудың прототипі АҚШ-та сыналуда. Тестілеуден сәтті өткеннен кейін университет ғалымдары жобаны коммерцияландыру мақсатында қондырғыны нарыққа шығаруды көздеп отыр.


 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #Ғылым #Энергия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);