конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҚазҰУ ғалымдары жүрек-қан тамырлары ауруының алдын...

ҚазҰУ ғалымдары жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алуға арналған платформа жасап шығарды

Білім және ғылым 18.09.2025, 11:36 626
ҚазҰУ ғалымдары жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алуға арналған платформа жасап шығарды
Сурет: Gov.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары жүрек-қан тамырлары ауруының қауіптілігін ерте анықтауға мүмкіндік беретін «Zhurek AI» платформасын әзірледі.

Жасанды интеллект көмегімен жұмыс істейтін платформа адамның жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі ауытқуларды дер кезінде анықтап, оның қауіптілік деңгейін автоматты түрде бағалай алады. Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге септігін тигізеді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Пайдаланушы платформаға PDF форматындағы қан талдауының нәтижесін жүктеп, арнайы дайындалған сауалнамадан өтеді. Кейін жүйе барлық ақпаратты жылдам өңдеп, тәуекелдерді шығарып береді. Нәтиже қорытындысында адам өміріне қауіпті жағдай болса, науқасқа бірден дәрігерге жүгіну ұсынылады.

Платформа жұмысы күрделі алгоритмнен тұрады. Ол диагностиканың және тәуекелдерді жіктеудің жоғары дәлдігін қамтамасыз ететін терең нейрондық желілер (DNNs) мен үлкен тірек векторларының әдісінен (Large-margin SVMs) тұрады.

«Аталған жобаның басты артықшылығы – жылдамдығында. Екіншіден, дәлдігінде. «Zhurek AI» мыңдаған нақты медициналық деректер негізінде әзірленді, сондықтан ол кейде дәрігерлер байқамай қалатын жасырын ауытқуларды да көре алады. Бұл ерте диагностика үшін өте маңызды», – дейді ҚазҰУ базасындағы Жасанды интеллект және заттар интернеті зертханасының ғылыми қызметкері Әсия Балтабаева.

Жобаны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландырады. Инновациялық платформаны ҚазҰУ 15 ғалымы бірлесіп әзірледі. Болашақта мамандар жүйені толық іске қосып, әрі қарай коммерцияландыруды жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚАЗҰУ #Ғалымдар #платформа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);