Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Алматы Бүгін 20:39 83
ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады
Сурет: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің баспасөз қызметі


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Конституциялық реформа: Ұлы Дала мемлекеттілігінің жаңа белесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Тарих факультетінің конференц-залында ұйымдастырылған жиынға ғалымдар, тарихшылар, профессор-оқытушылар, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттіліктің қалыптасуындағы тарихи алғышарттар, көне заңдардан бастап еліміздің Ата Заңына енгізілген өзекті түзетулерге дейінгі үдерістер талқыланды. Сонымен қатар конституциялық реформаларды ұлттық сана мен тарихи мұра тұрғысынан бағалау мәселелері көтерілді.

Іс-шараның мақсаты – конституциялық реформалардың қоғамның орнықты дамуы үшін маңызын жан-жақты сараптамалық тұрғыда талқылау. Дөңгелек үстелді ашқан тарих факультетінің деканы Досбол Байқонақов реформалардың елдің болашағы үшін маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл өзгерістер адамға бағытталған басқару моделін қалыптастырады әрі мемлекеттіліктің тарихи сабақтастығын заң жүзінде бекітеді.

– Біз, тарихшылар үшін бұл реформалардың мәні ерекше. Олар Ұлы Дала мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығын заң жүзінде бекітетін жаңа кезең әрі «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы берік құқықтық негіз саналады. Демек, бүгін қабылданатын шешімдер ертеңгі тарихтың өзегіне айналады», – деді Досбол Байқонақов.

Дөңгелек үстелге қатысушылар демократиялық институттардың эволюциясына ерекше назар аударды. Профессор Берекет Кәрібаев өз сөзінде ежелгі дәстүрлер мен қазіргі заман арасындағы ұқсастықтарды келтірді. Оның пікірінше, Ұлы Дала демократиялық дәстүрлері ежелгі далалық заңдардан бастау алып, қазіргі Конституцияда логикалық жалғасын табады. Бұл мемлекеттік құрылымның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

– Конституция – мемлекеттіліктің негізгі символы. Қазақстан тарихында бұл дәстүр ежелгі дәуірден басталып, Қазақ хандығы кезеңіндегі заңдармен (Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның Жеті жарғысы) жалғасқан. Қазіргі Конституцияда биліктің қайнар көзі халық деп нақты көрсетіледі, – деді ол.

Профессор Аманжол Қалыш конституциялық өзгерістер аясында халық өкілдігінің институттарын жаңғырту мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, Ұлттық Құрылтайдың жаңа мәртебеге ие болуы мемлекеттің қоғамды консолидациялауға және маңызды саяси шешімдер қабылдауда халық пікірін ескеруге деген ұмтылысын көрсетеді.

Сонымен қатар кездесуде Алаш қозғалысы қайраткерлерінің конституциялық идеялары мен «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының үндестігі сөз болды. Қатысушылар қазіргі конституциялық реформалардың билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтіп қана қоймай, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімге негізделген жаңа қоғамдық келісімнің қалыптасуына жол ашатынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#конституциялық реформа #қолдау #ҚАЗҰУ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Бүгін 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Бүгін 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Бүгін 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Бүгін 17:17

Алматы полициясы 9 адамға іздеу салды

Бүгін 17:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.