ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / ҚазҰУ-ға Түркияның экс-президенті Абдулла Гүл келд...

ҚазҰУ-ға Түркияның экс-президенті Абдулла Гүл келді

Әлеумет 20.11.2021, 12:47 1,213
ҚазҰУ-ға Түркияның экс-президенті Абдулла Гүл келді
Cурет: ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Абдулла Гүлге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді.

Абдулла Гүлге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді.


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Түркияның экс-президенті Абдулла Гүл келді. Ғылыми кітапханада белгілі саясаткер университеттің оқытушы-профессорларымен және студенттерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-Akshamy.kz әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айтулы шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев, Олжас Сүлейменов, Смағұл Елубай, Марат Тоқашбаев, Қали Сәрсенбай, Сәбит Шілдебай сынды зиялы қауым өкілдері, дипломаттар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шара басында сөз сөйлеген Жансейіт Түймебаев құрметті мейманға университетке келгендігі үшін алғысын айтып, Қазақстан мен Түркияның  көпжылдық жемісті ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.




«Қазақстан мен Түркия – бауырлас мемлекет. Екі елдің қарым-қатынасы Тәуелсіздікке дейін басталған. Қазақстан егемендігін алғанда алғаш құттықтап, достық ниетін жеткізген Түркия мемлекеті болатын. 1992 жылы Қазақстан мен Түркия мемлекеттері ресми түрде дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Сондықтан біз үшін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және алдағы екі ел ынтымақтастығының 30 жылдығы аясында  Түркия Республикасының 11-ші Президенті Абдулла Гүл мырзаның университетімізге келгені айрықша мәртебе» - деді университет ректоры.



Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Түркияның экс-президенті Абдулла Гүл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Сондай-ақ, құрметті мейман Қазақстанды дамытудағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елеулі рөлін айрықша атап өтті.




«Осындай кездесуді ұйымдастырып, жылы қыбылдағандарыңыз үшін универсиет ректоры Жансейіт Түймебаевқа және ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Қазақстан біздің Атажұртымыз. Баршаңызды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын. Қазақстанның жетістіктерін біз ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланыстырамыз. Бүгінде елдеріңіз әлемдік қоғамдастықта лайықты орын алып отыр.  Бұл Нұрсұлтан Әбішұлының үлкен еңбегі. Ол халық пен елдің игілігі үшін көп шараларды ұйымдастырып, Қазақстанды жаңа деңгейге көтерді. Бүгінде Ұлт Көшбасшысының сара жолын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев абыроймен жалғастырып келеді», - деді Абдулла Гүл.




Кездесу барысында Абдулла Гүл жиналғандарға дәріс оқыды. Сонымен қатар, Түркияның қоғам қайраткері өзінің саяси саладағы көп жылдық тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. 


Шара соңында Абдулла Гүлге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді. Сондай-ақ, университет ректоры Жансейіт Түймебаев мейманды «Әл-Фараби» Алтын медалімен марапаттады. 
Еске сала кетейік, Абдулла Гүл 2002-2003 жылдар аралығында Түркияның премьер-министрі, кейін премьер–министрдің көмекшісі, шетел істері министрі қызметін абыроймен атқарған. Ал,  2007-2014 жылдар аралығында  Түркияның Президенті болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.