AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / ЭКСЖ ұлттық жобасын жүзеге асыру: Қанат Бозымбаев...

ЭКСЖ ұлттық жобасын жүзеге асыру: Қанат Бозымбаев коммуналдық желілерді жаңғыртуды қаржыландыруға банктердің қатысуын кеңейтуді тапсырды

Экономика Бүгін 15:30 44
ЭКСЖ ұлттық жобасын жүзеге асыру: Қанат Бозымбаев коммуналдық желілерді жаңғыртуды қаржыландыруға банктердің қатысуын кеңейтуді тапсырды
Сурет: primeminister.kz

Алматыда Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын (ЭКСЖ) жүзеге асыруға екінші деңгейдегі банктердің қатысуын кеңейту мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Еске салайық, ұлттық жобаны жүзеге асыруға 2025–2029 жылдар аралығында шамамен 13 трлн теңге инвестиция тарту көзделген. Оның ішінде 6,8 трлн теңге коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталады. Жоба аясында 84 мың шақырымнан астам инженерлік желіні жаңарту, олардың орташа тозу деңгейін 40%-ға дейін төмендету және нысандардағы апаттылық деңгейін 25%-ға дейін қысқарту жоспарланған.

Өткен жылдан бастап өңірлік жобаларды қаржыландыру басталды. Биыл түрлі қаржыландыру көздерінен тартылатын инвестициялардың жоспарлы көлемі кемінде 1,1 трлн теңгені құрайды.

Қаржы институттары жалпы сомасы 901,5 млрд теңгені құрайтын жобаларды қаржыландыру жөнінде ұсыныстар енгізді. Оның ішінде 517,8 млрд теңгеге несиелік желілер ашылды, тағы 383,8 млрд теңге көлеміндегі жобалар қаралу сатысында.

Бұл ретте екінші деңгейдегі банктер тарапынан жобаларды қаржыландыруға негізінен Қазақстан Халық банкі мен Банк Центр Кредит белсенді қатысып отыр. Жалпы құны шамамен 256 млрд теңгені құрайтын 20 табиғи монополия субъектісінің 138 жобасынан тұратын портфель қалыптастырылды.

Қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту мақсатында «Даму» қорының қаржы құралдарын пайдалану және субсидиялау мүмкіндіктері қарастырылуда. Шағын жеке коммуналдық кәсіпорындар үшін «Өрлеу» бағдарламасы аясында жылдық сыйақы мөлшерлемесі 12,6%-ға, мерзімі 10 жылға дейінгі жеңілдікті несие беру тетіктерін қолдану ұсынылып отыр.

«Біздің міндетіміз – туындаған жекелеген мәселелерді шешіп қана қою емес, қаржыландыру шарттарын жүйелі түрде жетілдіру және ұзақмерзімді әрі жеңілдікпен қаржыландыруды қамтамасыз ету», – деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Кеңес барысында 2027 жылға арналған қаржыландыру жоспарлары да жеке қаралды. Ондағы инвестициялардың жалпы көлемі 1,8 трлн теңгені құрайды деп күтілуде. Оның шамамен 1,3 трлн теңгесін қарыз қаражаты есебінен тарту жоспарланып отыр. Екінші деңгейдегі банктер мен Қазақстанның Даму банкі арқылы қаржыландыруға шамамен 400 млрд теңге көзделген. Еліміздің 14 өңірінде жүзеге асырылатын 85 жобадан тұратын портфель қалыптастырылды.

Қанат Бозымбаев инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жоспарланған жұмыстардың толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету үшін жобаларды несиелеуге қатысатын банктердің қатарын кеңейту қажеттігін атап өтті.

Осыған байланысты Вице-премьер бірқатар тапсырма берді: 

Ұлттық экономика министрлігіне коммуналдық кәсіпорындардың жеңілдікпен қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту мақсатында қолданыстағы қаржыландыру тетіктерін өзгерту жөнінде ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.

Тапсырмалардың орындалуын үйлестіру Ұлттық экономика министрлігі мен ЭКСЖ ұлттық жобасының қаржы операторы – «Бәйтерек» холдингіне жүктелді. Холдингке мемлекеттік органдармен және қаржы ұйымдарымен бірлесіп, әрбір жобаның жүзеге асырылу барысына ай сайын мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін жұмыс тобын құру тапсырылды.

Сонымен қатар холдингке банктермен бірлесіп, 2027 жылы тікелей кредиттеуге жататын жобалардың тізбесін қаржыландыру көлемін, шарттарын және шешім қабылдау мерзімдерін көрсете отырып ұсыну тапсырылды.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #коммуналдық #энергетика #банктер #жобалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Шухов атындағы сквер жаңартылды

Бүгін 15:56

Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес бірдей марапатқа ие болды

Бүгін 15:04

Алматыда Шыңғыс Айтматовтың 100 жылдығына орай «Арқау» халықаралық көрмесі ашылды

Бүгін 14:11

Өнерді өміріне өзек еткен ұлағатты ұстаз

Бүгін 14:06

Олжас Бектенов Қатардың Power International Holding компаниясының басшылығымен бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады

Бүгін 12:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);