ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / ҚазҰУ-дың 5 жас ғалымы пәтерлі болды

ҚазҰУ-дың 5 жас ғалымы пәтерлі болды

Білім және ғылым 30.12.2024, 20:33 624
ҚазҰУ-дың 5 жас ғалымы пәтерлі болды
Сурет: Gov.kz
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 5 жас ғалымына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 5 жас ғалымына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған шарада жас зерттеушілерге пәтер сертификатын ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин салтанатты түрде табыстады.

Атап айтқанда аға оқытушыларОлжас Құрманбаев пен Жанар Райымбекова, ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыс кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Нұргүл Амангелді, молекулалық биология және генетика кафедрасының ғылыми қызметкері Әйгерім Қуанбай, сондай-ақ аға ғылыми қызметкер Ажар Мәлік жаңа пәтердің иесі атанды. 

«Қатты қуаныштымын. Мен үшін күтпеген оқиға болды. Бүгін пәтер сертификатын қолыма алып жатырмын. Айтар алғысым  шексіз. Қазіргі сәтке дейін жалдамалы пәтерде тұратынмын. Енді өз үйім бар», - деді Нұргүл Амангелді.  

Сонымен қатар пәтер иесі атанған жас ғалымның бірі - Ажар Мәлік. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 9 жыл білім алып, қазіргі сәтте аталған оқу ордасында табысты жұмыс істеуде.

«ҚР Президентінің шешімімен жас ғалымдарға пәтер сертификаты берілетінін естідім. Бірақ сол тізімге еніп, пәтер иесі атанамын деген ой болған жоқ. Бүгін табыстағанда қатты қуандым. Осы орайда жас ғалымдардың еңбегін бағалап жатқан барлық жанға алғысымды білдіргім келеді. Ата-анамның үйінде тұратынмын. Алдағы уақытта жаңа пәтерге көшуді жоспарлап отырмын», - дейді жас ғалым Ажар Мәлік. 

Шарадан соң жас ғалымдар жаңадан берілген пәтерлеріне барып, алғашқы сезімдерімен бөлісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.